astana-view

"Бизнестің жол картасы–2020" өзектендіріледі

2014 жылғы 24 Қараша
3532 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында 18 қарашада Басқарма Төрағасы орынбасарының төрағалығымен «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) өзектендіру мәселесі төңірегінде жиналыс өткізілді.

Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – ҰЭМ), «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Даму Қоры), «Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ. Екінші деңгейлі банктер, «KAZLOGISTICS» ҚКО өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында қатысушылар бірқатар ұсыныстар айтты, атап айтқанда:

  • жобаларды қараудың жалпы мерзімін бағалау үшін Бағдарламаның барлық кезеңдері бойынша бірқатар өтінімдердің өту хронометражын жасау;
  • Даму Қоры ұсынатын кепілдік беру құралының тиімділігіне талдау жасау.

Жинақталған ұсыныстар ҰЭМ және Даму Қорына жолданатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер