astana-view

Еліміздегі құрылыс саласы өзгеріс күтуде

2014 жылғы 25 Қараша
5026 просмотров

2 желтоқсанда Астанада құрылыс саласының Бірінші Еуразиялық Конгресі ашылады. Бұл – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылтайшысы болып отырған жаһандық оқиға.

Бүгінгі күнде күллі Қазақстаннан, Ресейден және Белорусьтан 500-ден астам делегат тіркеліп отыр. Сонымен қатар, Канада, Германия, Франция, Испания, Италия, Австрия және Польша делегациялары Конгреске қатысатындықтарын растап отыр.

Алдағы Конгресс ірі құрылысшылардан бастап өндірісшілер, сәулетшілер, қала құрылысшылары, риэлторлар мен қаржыгерлерге дейінгі құрылыс саласының барлық өкілдерін біріктіретін басты салалық алаң болмақшы. Конгрестің мақсаты сала алдында тұрған міндеттерді бірлесе анықтау және оларды шешудің тиімді механизмдерін жасау болып табылады. 

Жаһандық экономикадағы жағымсыз макроэкономикалық жағдайға орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халқына жолдауында бәсекеге қабілеттілікті көтеру және жоғары мақсаттық көрсеткіштерге, соның ішінде, сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңда салмақты өзгерістер табалдырығында тұрған құрылыс саласында  жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша бірқатар міндеттерді алға қойған болатын. Бірыңғай икемді және жаңа тенденцияларға сәйкес келетін «ойын ережесін» орнату үшін, нарықтың барлық қатысушыларына ашық та сындарлы сұхбат қажет.

«Конгресте құрылыс бизнесіндегі барлық қатысушылардың және мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің бір алаңда басы қосылып, әлемдік экономика үндеуіне қарсы тұру стратегиясын әзірлеуге және Елбасының тапсырмасын орындауға көмектесеріне сенімдіміз. Құрылыс саласының барлық қатысушыларын Конгреске шақырамыз. Бұл мәселелердің дұрыс, жинақталған әрі тиімді шешімін табу үшін күш біріктіруіміз қажет», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.  

«Еуразиялық интеграция процесі іске қосылды, - деп қосты Төраға орынбасары, Қазақстан Республикасы ҰКП Басқарма мүшесі Рахым Ошақбаев. – Бүгін елдерімізде бизнестің өзара дендеп енуі жүріп те жатыр, және де құрылыс саласы мысалында бұл жақсы байқалады. Бізге нарықтың жаңа ойыншылары келуде, КО техникалық реттемелерін дайындау бойынша жұмыстың қалай өтіп жатқанын көріп отырмыз. ЕАЭО жағдайында саланың қалайша қызмет жасайтыны төңірегінде сауал баршылық. Алайда бастысы бәріміз де бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер ашатын бұл интеграцияның маңыздылығын түсінеміз. Мұның қандай мүмкіндіктер екенін, және де оның тәжірибеде қалай жүзеге асырылатынын алда өтетін Конгресте талқыға салғымыз келеді».

Салалық қоғамдық бірлестіктер, қауымдастықтар және одақтар жұмысының тиімділігі – талқылауға салынатын басты тақырыптар арасында.

«Бүгінгі таңда Қазақстанның құрылыс саласы бизнес-қоғамдастық ретінде бытыраңқы сипат алғн, - дейді ҚР ҰКП Құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитетінің төрағасы Александр Белович. – Қазақстанда көптеген салалық қауымдастықтар бар, олардың көпішілігі тар шеңберде мамандандырылған. Бизнес-қоғамдастықтың бірыңғай стратегиялық ұстанымды жасап шығу және мемлекет алдына сала түйткілін нақты қою міндетін атқара алмай отырғанын көріп отырмыз.

Сондықтан да салалық қауымдастықтар арасындағы бұдан арғы әрекеттестікті біршама тиімді ету үшін, Конгресс аясында  ортақ шоғырландырылған ұстанымды жасап шыққымыз келеді. Саланың басты міндеттерін бірлесе анықтап, оларды шешу жолдарын табу үшін, өз тарапымнан барлық бірлестіктерді, қауымдастықтарды, одақтар мен коммерциялық емес ұйымдарды алда тұрған жұмысқа қосылуға шақырамын».

Конгрестің басқа да тақырыптарымен бірге талқыланатындар:

Нормативтік-құқықтық базаны өзектендіру мәселелері;

Материалдар мен жабдықты өндіру мәселелері: сұраныс, ұсыныс, сапа;

Салаға инвестиция тарту механизмдері мен көздері мәселелері;

Тиімді қала құрылысы мәселелері;

Сала үшін білікті кадрлар даярлау мәселелері;

Құрылыстағы энергия тиімділігі мәселелері;

Саладағы ақпараттық ашықтық мәселелері және т.б..

Бүгінгі күнде құрылыс саласы ел экономикасында басымдылықты салаларының  болып табылады. Ол ЖІӨ-ге 6,1% (2013) деңгейіндегі салымды қамтамасыз етеді және  660 мыңнан астам жұмыс орнын ұсынады. Осы сегментте қызмет етуші барлық ұйымдарды біріктіру мәселесі бұрыннан бар. Құрылыс саласының Бірінші Еуразиялық Конгресінің Ұйымдастырушы комитеті Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұлғасында бұл шараның айрықшалайтын ерекшелігі Конгресте қабылданатын барлық шешімдердің тек қана тәжірибелік бағыттылығы және жақын арада тиімді де маңызды нәтижелерге қол жеткізу болмақшы.

Конгресс қатысушыларын тіркеу және журналистер үшін аккредиттеуден өту www.ecic.kz  сайтында 2014 жылғы 30 қарашаға дейін ашық.

Беларусь Республикасы Құрылысшылар Одағының хатымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер