astana-view

Астанада VI Халықаралық «Кәсіптік білім беру және бизнес: серіктестер сұхбаты» форумы өтті

2014 жылғы 28 Қараша
3863 просмотров

Форумды Білім және ғылым министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге ұйымдастырды. Форум жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, мүдделі мемлекеттік органдардың, іскерлік топтар мен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты. ҰКП-дан өңірлік кәсіпкерлер палаталарының басшылары өкілдік етті.  

Бердібек Сапарбаев Қазақстандағы кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін, кәсіпорын үшін кадрлар даярлауды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол Білім және ғылым министрлігіне кәсіптік бағдар беру жұмысын тұрақты түрде өткізіп тұруды, бірқатар КжТББ мемлекеттік стандарттарын өзгертуді, мамандықққа сәйкес пәндер таңдауды оңтайландыруды және бағалау және біліктілік берудің тәуелсіз орталықтарын құруды тапсырды. Сапарбаев колледждерді ірі компаниялардың басқаруына беру қажеттігіне ерекше назар аударды.

«Білім және ғылым министрлігі, басқа да мемлекеттік органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кейбір колледждерімізді ірі компаниялардың басқаруына беру мәселесі бойынша әрекеттестік механизмін жасап шығу қажет. Әлемнің көптеген дамыған елдерінде оқу орындары ірі ұлттық компаниялардың құрамында болатынын жақсы білеміз. Мысалы, «Қазақмыс» компаниясының шамамен 60 мың жұмысшысы бар, жыл сайын кем дегенде 200-300 адам жұмысқа қабылданады. Яғни компания нақты қажет мамандарды ғана даярлайтын болады. Сонымен қатар оқу бағдарламасы, оқу жоспары жасалатын болады», – деді вице-премьер.

Форумда бизнестің еліміздің өңірлеріндегі оқу орындарымен ынтымақтастық тәжірибелеріне ерекше назар аударылды. Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының (КП) директоры Игорь Шацкий бизнес-қоғамдастықтың өңірдегі колледждермен және мектептермен әрекеттестігі жайлы егжей-тегжейлі баяндап берді. ШҚО КП облыс әкімдігімен бірге кәсіпорындармен, колледждермен, мектептермен, қалалар мен аудандардың білім беру бөлімдерімен, сондай-ақ жұмыспен қамту бөлімдерімен өзара әрекеттестік бойынша механизм әзірлеп шығып, енгізді. Өскемен көп салалы технологиялық колледжінде «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» арнайы курсы енгізіліп те қойды, ал кадрларды дуалды даярлау жүйесі енгізілген колледждерде бұл тақырып «экономика» пәнінің аясында оқытылады. Сонымен қатар, Палата аудандар мен қалалар мектептерінде кәсіптік бағдарлануға көмек көрсету бойынша ресурстық орталықтар ретінде профилактикалық бөлмелердің ашылуын бастамалады. Бүгінде 17 жұмыс берушінің қатысуымен 15 кәсіптік бөлме ашылып, облыс аудандарының 75%-ы қамтылып отыр. Биылғы жылдың соңына дейін барлығы 25 кәсіптік бөлме ашылмақшы. «5 919 оқушы, 209 мектеп және 198 кәсіпорынды қамти отырып кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. 2015 жылы кәсіптік экскурсия жүргізу үшін 145 кәсіпорын қамтылатын болады, – деп өз облысы бойынша статистика деректерін келтіре кетті Игорь Шацкий. – Мұндай орталықтар әрбір облыста болу керек деп есептейміз».

«Кәсіпорында іс-тәжірибеде өз шығындарын сала отырып, көбінесе түлекті қайтара алмай жатады. Сонымен, олар бекітілу механизмін жасап шығуды сұрайды, мысалы белгілі бір мамандықтар (біліктіліктер) бойынша шарттар бойынша еңбекпен өтеу. Шығыс Қазақстан облысында кадрларды дуалды оқытуға қосылған белгілі бір кәсіпорындар іс-тәжірибеден өтушілер үшін стипендиялық жүйе енгізеді, жұмысқа тұруға кепілдік береді, бірақ сонымен бірге олардың еңбекпен өтеу туралы мәселесін алға тартады. Өңірлік палата Білім беру басқармасымен бірге қазірде талқылауда жатқан осындай шарттың үлгісін даярлады», – деп бөлісті ӨКП басшысы.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпорындар қажеттіліктері бойынша кадрлар даярлауды көздейтін дуалды оқытуды енгізу бойынша Жол картасын бастамалап, әзірледі. Білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктері және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен 2014-2017 жылдар бойында дуалды оқыту формасы бойынша 10 мың маман даярланбақшы. Ынтымақтастық туралы меморандум аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы БҒМ және ДӘДМ бірге дуалды оқытуды енгізу бойынша бірлескен жұмыс жоспарын дайындады. Кадрларды даярлау, модульдік бағдарламаларды дайындау, мамандарды сертификаттау, экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз етуде серіктестікті дамыту келешегінің басымдылықты бағыттары талқыланды. Сонымен қатар салалық қауымдастықтар базасында тәуелсіз сертификаттау орталықтарын құру, МЖС жаңа формаларын ҰКП жүзеге асыруы аясында серіктестікті нығайту мәселелері талқыланып, сондай-ақ энергетика саласында кадрларды даярлау сапасын көтеруді шешу жолдары ұсынылады.  

«Базис» Құрылыс компаниясы» ЖШС ұйымдастырушылық даму және қызметкерлермен жұмыс жөніндегі вице-президенті Кәмилә Төлендиева құрылыс саласындағы кадрлардың өткір жетіспеушілігі жайлы, сондай-ақ осы саладағы КжТББ кадрлар жүйесін дамыту туралы сөз етті. Бұл мәселелер 2-3 желтоқсанда Астанада өтетін құрылыс саласының Бірінші Еуразиялық конгресінде егжей-тегжейлі талқыланбақшы.

ҚР ҰКП форум аясында «Республикалық КжТББ ғылыми-әдістемелік дамыту орталығы» АҚ-мен, «Кәсіпқор» Холдингі» КАҚ-мен КжТББ саласында ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының инновациялық жабдықтарының көрмесі өтіп, онда техникалық және кәсіптік білім беру орындары мен компаниялар өздерінің жаңа жұмыстары мен қызметтерін ұсынды. Іс-шараның салтанатты бөлігінде КжТББ жүйесінің үздік серіктестері марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер