astana-view

Үй салушылар мен екінші деңгейлі банктер арзан ипотеканы қолдауда

2014 жылғы 03 Желтоқсан
3900 просмотров

Астанада өтіп жатқан құрылыс саласының Бірінші Еуразиялық Конгресінде кәсіпкерлер мен екінші деңгейлі банктер өкілдері «ұзақ және арзан» ипотека бойынша салалық бағдарлама енгізуді ұсынды.

«Қазкоммерцбанк» АҚ басқарушы директоры Александр Якушев қаржы мекемесінде аяқталған құрылысты ғана емес (үй алу үшін үлескерлерді қаржыландыру), аяқталмаған құрылысты қаржыландыруға мүмкіндік беретін (банк тәуекелдің бір бөлігін өзіне алады) ипотекалық бағдарламалардың әрекет ететінін жеткізді.

«Қаржы институттары, мемлекет пен салалық компаниялардың ынтымақтастығының жалғасу жолдары туралы айта келіп, ұзақ және арзан ипотека бойынша салалық бағдарламаның пайда болатын уақыты келді деп есептейміз – 2008-2011 жылдар сызбасы бойынша салушылар үшін мақсатты депозиттерді орналастыру бағдарламасын алға тартамыз. Егер маған «Ипотекалық бағдарлама қандай пайызбен қаржыландырады?» деген сауал қойсаңыз, оған берер жауабым жоқ. Бұл әртүрлі факторларға байланысты, және де қандай да бір орташа пайыз жоқ», - деп түсіндіріп кетті Александр Якушев. 

ҚР ҰКП Құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі және ТКШ комитетінің төрағасы Александр Белович қолдады. Ол Қазақстанда ішкі инвесторлар үшін аса үлкен топ бар екендігі атап өтті: «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде тұрғын үй кезегінде 425 мың адам тұр. Ал осы ТҚЖБ бағдарламасы нені білдіреді? Адам 5-6 жыл бойында тұрғын үй құнының 50 %-н жинауға тиіс, ал қалған бөлік 10-12 жылға арзан кредитке беріледі. Демек, адамдар 25 млн шаршы метр тұрғын үйге зәру. ТҚЖБ жылына көп дегенде 150–200 мың шаршы метр үй салады. Яғни бұл адамдар 13-14 жыл бойы кезекте тұрады деген сөз. Ал олардың әрқайсысы үйді 6-7 жылда алғысы келеді, - деп дәлелдер келтірді «Базис-А» компаниясының басшысы. – құрығанда жартысын - 200 мың адамды ал – және де ауданы 60 шаршы метр болатын пәтерді алып қаралық. Егер, мысалы, шаршы метрге 1 000 доллар деген бағаны алар болсақ, онда 6 млрд доллар шығады. Бұл біздің әлеуетті сатып алушыларымызда бар ақша. Бұл инвесторлардың үлкен көлемі, ал оларға біз ұсынып отырған арзан ипотеканы алуға көмектесу керек. Ұлттық палата арқылы мемлекеттің екінші деңгейлі банктерге тілек білдіруші адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қайтымды ақша ұсынуына көзін жеткізуіміз қажет».

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Үкіметке ипотекалық кредиттеу есебінен тұрғын үй құрылысы бойынша ұсыныс енгізілгенін, оның үстіне дегдарлық емес, үшінші топ тұрғын үйіне ерекше назар аударылғанын атап өтті. «Біз ҰКП алаңында коммерциялық жалға беру нарығын дамыту үшін талап етілетін ынталандыруларды, оған келе алатын инвесторлар туралы, осы құралды инвестициялық қорлар арқылы өркендету ықтималдығы туралы ұсыныстар әзірлеудеміз. Қазірде бұл ақпаратты жинап жатырмыз және Ұлттық экономика министрлігіне енгіземіз», - деп нақтылады Юлия Якупбаева.

2-3 желтоқсанда Астанада құрылыс саласының Бірінші Еуразиялық Конгресі өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік. Конгресті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруда. Конгресс жұмысына Қазақстан, Ресей, Белорусь және басқа да елдерден 500-ден астам делегат қатысуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер