astana-view

Екінші деңгейлі банктер «Өнімділік-2020» Бағдарламасы бойынша қаржыландыру операторлары болады

2014 жылғы 03 Желтоқсан
4535 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Өнімділік-2020» Бағдарламасының әрекетін екінші деңгейлі банктерге беруді ұсынды. Ұлттық экономика министрлігі бастаманы қолдап отыр.

ҰКП 2014 жылғы 11 мамырдағы ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген бизнесті қолдаудың бірінші кезекті шараларын жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспарына сәйкес министрлік кабинетіне «Өнімділік-2020» Бағдарламасын сақтау және жетілдіру бойынша ұсыныс жасады.

Бүгінде «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ («ҚИДИ» АҚ) сараптамасынан өткен 71 кәсіпорыннан жалғыз оператор «БРК-Лизинг» АҚ-дан лизингтік қаржыландыруға тек 14 кәсіпорын ие болып отыр. ҰКП бұл түйткілді шешу үшін екінші деңгейлі банктерді Бағдарлама қорларынан шартталған қаржыландыру арқылы қолдау шараларының операторлары ретінде тарта отырып, оларға Бағдарлама әрекетін таратуды ұсынды. ҚР Ұлттық экономика министрлігі бұл ұсынысты қолдады.

Сонымен қатар, ҰКП «ҚИДИ» АҚ (Бағдарлама операторы) мен «БРК-Лизинг» АҚ арасында келіспеушілік туындаған жағдайда қаржыландыруды ведомствоаралық комиссия немесе ҚР Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссия қарауына ұсыну туралы мәселені шығару қажеттігін атап өтті.

ҰКП Бағдарламаны сақтау және оның механизмдерін жетілдіру мәселесін ерекше маңызды деп санайды, себебі:

а) «Инвестициялар туралы» ҚР Заңына өзгертулердің жаңа топтамасы негізінде отандық және шетелдік инвестициялармен жаңа кәсіпорындарды қолдауға бағытталған;

б) «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту» АҚ ұсынатын қолдау шаралары сомалары жағынан шектеулерге ие және негізінде ШОБ қолдауға бағытталған.

Осылайша, орта бизнестің жаңа жобалары мен кәсіпорындарымен салыстырғанда әрекет етіп тұрған орта және ірі кәсіпорындар сараланымы Бағдарлама тиімділігінің қазіргі төмен жағдайында жетілдіру үшін ықпалды қолдау бағдарламасынан айырылған болып шығады.

ҰКП ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп ЕДБ-ге қаражат ұсыну және «Өнімділік-2020» Бағдарламасына өзгертулер енгізу жолымен қаржыландыру құралдары бойынша бөлу механизмдерін пысықтайтын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер