astana-view

Тимур Құлыбаев: Елдегі денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығынды оңтайландыру өзіміздің қолымызда

2014 жылғы 04 Желтоқсан
3259 просмотров

Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен ҚР ҰКП Төралқасы Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық комитетінің жұмыс жиналысы өтті. Бір жыл ішіндегі қызмет қорытындысына сәйкес, Комитет фармацевтика саласын ҚР Үкіметі бекіткен басымдылықты қызмет түрлері тізбесіне енгізуге қол жеткізді. Осының арқасында қазірде фармацевтикалық өнім өндірушілеріне инвестициялық артықшылықтар таралады; аккредиттеуден өткен жеке меншік медициналық ұйымдар кепілдікті тегін медициналық көмек нарығына рұқсат алды; бірқатар отандық фармацевтика өндірушілері салаға тартылған $300 млн тікелей инвестициялардың жылыстау қаупін төндірген ұзақ мерзімдік шарттарды бұзған соң мемлекеттік сатып алу аясында қайтадан өз өнімдерін өткізу мүмкіндігіне ие болды. Осы жылы Комитет Хатшылығы НҚА мен кәсіпкерлер өтініштерін қосқанда барлығы 250 құжатты қарастырған.

Жиналыс барысында фармацевтикалық индустриядағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік дамуының қанағаттандырмайтын қарқыны, медициналық және фармацевтикалық білім берудің жеткілікті деңгейде дамымағандығы және мемлекеттік сатып алу процедураларының қиындығы аталып өтті. Фармацевтикалық өнеркәсіп және денсаулық сақтау саласында дәл осы үш бағытты Ұлттық палата Төралқасының басшысы басымдылықты деп белгілеген болатын. 

«Мемлекеттік сатып алулардағы сандар біршама қомақты, ал сатып алу процесінің өзі онша ашық болмай отыр. Біз мемлекеттік құрылымдарды айырбастамаймыз, және де олар үшін шешім қабылдамаймыз, біз тәуекелдерді басқарамыз. Біздің міндетіміз – сатып алу процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету, атап айтқанда: өтінімдер мен техникалық құжаттарды жасауда кемсітуші нормаларға жол бермей, жол берілетін баға дәлізінің аясында баға мониторингі жүйесін жүргізуге тиіспіз», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев, елдегі денсаулық сақтауға шығынды оңтайландыру қажеттігіне сенімін білдіре отырып.

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы сонымен қатар дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді өндірудегі жергілікті мазмұнның дамуына назар аударды. Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2015 жылдың басына қарай заттай көріністе 50% өз дәрі-дәрмектерімізді өндіруге қол жеткізуге тиіспіз, деп атап өтті Тимур Құлыбаев. Ұлттық палата Төралқа басшысы фармация және денсаулық сақтау саласы үшін кадрлар даярлау мәселесін көтере отырып Комитетке жеке секторды белсендірек тартуды ұсынды. Бұл сектор өңірлердегі медициналық колледждерді қамқорлығына алар еді.

ҰКП Төралқа Төрағасы Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитетіне өндірістерін Қазақстан аумағына орналастыруға мүдделі ұлтаралық компанияларды тарта отырып, біршама күрделі өндірістердің инновациялық жобаларынан, сонымен қатар бұрыннан келе жатқан отандық өндірістерді кеңейту және жетілдіру жобаларынан тұратын іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту үшін механизмдер дайындау қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер