astana-view

Бірқатар отандық фармацевтика өнімдерін өндірушілер GMP сертификатына ие болды

2014 жылғы 04 Желтоқсан
5150 просмотров

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде бірқатар фармацевтикалық өнімдерді отандық өндірушілер мен дистрибьюторларға «Тиісті өндірістік тәжірибе (GMP)» және «Тиісті дистрибьюторлық тәжірибе (CDP)» мемлекеттік стандартына сәйкестік Сертификаттарын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Тұңғыш Президент күніне және фармацевтикалық өнеркәсіптің салалық даму бағдарламасын жүзеге асырудың аяқталуына орай ұйымдастырылған іс-шараға ҰКП және қауымдастықтар өкілдері қатысты.

Қазақстандағы фармацевтика саласының стратегиялық міндеттерінің бірі дайын өнім сапасын бақылау жүйесінен өндіру процесінде оның сапасын қамтамасыз ету жүйесіне көшу болып табылады. Бұған тиісті фармацевтикалық тәжірибелердің халықаралық стандарттарын енгізу жолымен қол жеткізуге болады. Өз кәсіпорнында GMP Стандартын енгізген қазақстандық өндірушілер саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде GMP стандартына сәйкестік туралы қорытындыға ие әрекеттегі үш өндірістік телімге тағы да төрт қазақстандық өндіруші және «Тиісті дистрибьюторлық тәжірибе» стандарты бойынша бір дистрибьютор қосылды.  

Құрметті отандық фармацевтика өнімдерін өндіруші «Химфарм» АҚ, «ВИВА Фарм» ЖШС, «ФитОлеум» ЖШС, «Эйкос фарм» ЖШС және дистрибьютор «Эмити Интернешнл» ЖШС, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сіздерді шын жүректен құттықтайды! Сіздердің жеткен жетістіктеріңіз бізді қуантады және еңбекте табыс, сапаны жақсарту жолында жетістіктер, шығаратын өнімнің бәсекеге қабілетті болуын, экспорттық әлеуеттеріңізді арта беруін тілейміз.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер