astana-view

ҰКП Төралқа Төрағасы Қазақстандағы дипломатиялық уәкілдіктер басшыларымен кездесті

2014 жылғы 05 Желтоқсан
3144 просмотров

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың Қазақстандағы 22 ел дипломатиялық уәкілдіктері басшыларымен кездесуі өтті. Кездесуде Ұлттық палатаның бір жыл ішінде жасаған қызметінің қорытындысы талқыланды. Кездесуге қатысушылар ҰКП роліне және оның Қазақстандағы бизнесті қолдау және қорғаудағы жұмысының нәтижелілігіне жоғары баға берілді.

«ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы пайда болғаннан бері бизнес желісі бойынша байланыстар саны күрт өсті. Осы уақыт ішінде Ресейден жетпістен астам іскерлік уәкілдік Қазақстанда болып қайтты, өзара тиімді мәмілелер жасалуда, – деп атап өтті ҚР-дағы РФ Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников. – Сонымен қатар, Қазақстандағы ресейлік кәсіпкерлер өз мүдделерін қорғау үшін Ұлттық палата қызметтеріне жүгінеді. Біз көрсеткен көмегі мен мәселелерге оң шешім табатындығы үшін ҰКП-ға алғыс айтамыз. Палата жұмысының алғашқы қорытындылары жағымды деп есептеймін».

Ұлттық палата Төралға Төрағасы Тимур Құлыбаев экономикалық процестер дамуының басты факторы ретінде елде жағымды іскерлік климат жасаудың маңыздылығын баса айтты.  

«Ерекше баса айтқым келеді: Ұлттық палата кәсіпкерлердің мүдделерін олардың азаматтықтарына қарамастан қорғайды. ҰКП-дан көмек сұрай келген компаниялардың барлығы ҚР мемлекеттік органдарымен келіссөздерде Палатаның олардың мүдделерін алға тартатындығына сене алады», – деп сендірді Тимур Құлыбаев. 

Ол ҰКП жанынан құрылған Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы туралы айтып берді. Ол экспорттық-импорттық операцияларда отандық кәсіпорындарға көмек көрсетуге және жергілікті серіктестерді іздеуде шетелдік инвесторларға жәрдемдесуге арналған. ҰКП Төралқа Төрағасы сонымен қатар шетелдік дипломаттарды Ұлттық палатаға сенімгерлікпен басқаруға «KAZNEX INVEST» АҚ акцияларының 50%-ы берілетіні туралы ақпараттандырды.

«Президент алға қойған жалпы ішкі өнімдегі ШОБ үлесін 50 пайызға дейін жеткізу міндеті оңай емес. Шетелдік инвесторлардың үлкен үлес қосары сөзсіз. ҰКП өз тарапынан осы бағыттағы барлық бастамаларды толығымен қолдайтын болады. Ол үшін шетелдік инвесторлардың тікелей серіктесіне айналатын Сыртқы сауда палатасы құрылып отыр», – деді Ұлттық палата Төралқа Төрағасы.

Тимур Құлыбаев қазақстандық бизнес пен еуропаның ірі компаниялары арасындағы әрекеттестікті нығайту үшін еуропалық көшбасшы елдермен бірлесе құрылған Іскерлік Кеңестердің біртіндеп ШОБ өкілдерін де тартатындығына үміт артты.

«Қазақстан – ашық ел. Біз ынтымақтастықты барлық бағыттар бойынша дамытқымыз келеді. Үкімет инфрақұрылым өсуін қолдайды, республикаға инвестициялау процесін ынталандыру үшін мемлекеттік қолдаудың бүтін бір аясын ұсынады. Қазақстан үшін өзіміздегіден ондаған есе үлкен нарықты ашатын болғандықтан, біз интеграциялық процестерді жақтаушылар болып табыламыз. Жақын болашақта ДСҰ-ға кіреміз. Бұл салмақты міндеттер жүктейтін әрекет, бірақ бұл кәсіпкерлер жұмысының стандарттарын көтеру үшін ынталандыру да болмақшы. Бәсекелестік ұлғайған сайын, нарыққа да пайдалы», – деді Тимур Құлыбаев.

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Қазақстан және кездесуге қатысушылар өкілдік еткен елдердің көп жылдық ынтымақтастығы – халықаралық қатынастардың маңызды құрамдасы екендігін, тұрақты түрде өтіп тұратын мұндай іс-шаралар өзара пайдалы экономикалық серіктестік мәселелері бойынша сындарлы сұхбаттың дамуына септесетіндігін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер