astana-view

Еркін қойма иелері мен кеден органдары арасындағы көп жылдық даудың соңғы нүктесі қойылды

2014 жылғы 08 Желтоқсан
3892 просмотров

ҰКП арқасында кәсіпкерлер мен кеден органдары арасындағы көп жылдық даудың соңғы нүктесі қойылды. Жоғарғы сот шетелдік және отандық шикізатты қолданумен еркін қоймада өз қызметін жүзеге асыратын өнім өндірушіге жеңілдік беруді қолдады.

Әлемдік тәжірибеде өндірісті ынталандыру құралдарының бірі еркін қойма болып табылады. Онда шетелдік тауарлар кеден баждары мен салықтарын төлеусіз, сондай-ақ тарифсіз реттеу  шараларын қолданусыз орналастырылады және қолданылады.

2012 жылдың басында бірқатар қайта өңдеуші кәсіпорындар экономикалық даму мен сауда және ауыл шаруашылық министрліктерінің еркін қойма тәртібінің басымдылықтарын пайдалану ұсынысын қабыл алып, кәсіпорындар кеден органдарының мақұлдауымен еркін қоймалар (ЕҚ) ашты.

2013 жылғы мамыр айына дейін қайта өңдеуші кәсіпорындар (ЕҚ иелері) өз өнімдерін ішкі нарыққа жеңілдіктермен, яғни кеден баждары мен салықтарын (КБжС) төлеусіз өндіріп, шығарып келді.

Алайда 2013 жылғы мамыр айында кеден органдары ЕҚ-да дайындалған  тауарлар мәртебесін ЕҚ иелері тізіліміне кіру күніне қарай (2012 жылғы 1 қаңтарға дейін/кейін) анықтау жағынан Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік процедурасы туралы келісімге сілтеме жасай отырып, 2012 жылдың 1 қаңтарынан кейін тіркелген ЕҚ иелерінің КБжС төлеуін талап етеді.

Кеден органдарының пікірінше, иесі тізілімге 2012 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген ЕҚ-да дайындалған тауарлар қайта өңдеу дәрежесіне қарамастан үнемі шетелдік болып танылады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кеден органдарының 50 млн теңгеден астам соманы төлеу туралы хабарламасымен дауласқан «Дедов» ЖШС жүгінді. Жоғарғы Сотта кәсіпкерлердің мүддесін ҚР ҰКП Кедендік әкімшілеу департаментінің сарапшылары қорғады.

Жоғарғы Сот еркін қоймада өз қызметін шетелдік және отандық шикізатты қолданумен жүзеге асыратын өнім өндірушіге жеңілдік ұсынуды қолдады.

Ұлттық палата Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының шешіміне қанағаттанып отыр. ҚР ҰКП Кедендік әкімшілеу департаментінің директоры Әлихан Мәмбеталиннің берген түсінігіне сүйенсек:

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының шешімі еркін қомалар бойынша жер-жерлерде қалыптасқан сот тәжірибесін өзгертуге көмектеседі.

Заңгерлік өзгешеліктерге тоқталмастан, айта кетейін, тауарларды кедендік төлемдерден босатуды көздейтін еркін қойма механизмі импорттың орнын толтыратын тауарлар өндірісін кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын жасақтауға бағытталған.

Оның үстіне, мемлекет өндірісті іске қосуға шығындалмайды, тауарларды қайта өңдеудің тереңдігін өз бетінше анықтайды».

Ұлттық палата бұл түйткілді 2013-2014 жылдар бойында биліктің түрлі деңгейлерінде көтеріп келгенін айта кету керек: Премьер-Министрге, Бас прокуратураға, бірқатар құзырлы министрліктерге кеден органдарының үстеме есептеулер жайлы хабарламаларын қайтып алуы және үкіметаралық Келісімге барлық ЕҚ иелеріне тек құқықтар мен артықшылықтар беру жағынан өзгертулер енгізу туралы өтінішпен жүгінді. 2014 жылғы ақпан айында бұл мәселе Ведомствоаралық комиссияда қаралып, оның қорытындылары бойынша тізілімге 2012 жылғы 1 қаңтардан кейін енгізілген ЕҚ иелеріне КБжС үстеме есептеу туралы хабарламаны қайтып алу, сондай-ақ оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпау туралы мәселені пысықтау тапсырылды.

Тізілімге 01.01.2012 жылдан кейін енгізілген ЕҚ иелеріне ұсынылған үстеме төлемдердің жалпы сомасы шамамен 555 млн. теңгені құрағанын айта кету керек. Ұлттық палата бұл мәселені біржолата шешіп, барлық ЕҚ иелерін КБжС төлеуден босатуға қол жеткізбекші.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер