astana-view

Халықаралық ұйым көші-қон саясаты дамуына қосқан үлесті бағалады

2014 жылғы 19 Желтоқсан
5571 просмотров

18 желтоқсанда Астанада Халықаралық магрант күніне арналған «Дөңгелек үстел» өтті. Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ), ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы адам құқығы және магранттардың негізгі бостандықтары тақырыбына талқылау өткізуді бастамалады. Оған кәсіби қоғамдастық өкілдері, Қазақстандағы БҰҰ уәкілдігінің басшысы және Қазақстан Республикасындағы бірқатар елдер елшілері қатысты. Олар халықаралық көші-қон және процеске қатысушы елдердегі әлеуметтік-экономикалық даму келешегі мәселелерін көтерді.

Халықаралық көші-қон ұйымы мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдардағы өз серіктестеріне жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, құрмет мадақтамаларымен марапаттады. ХКҰ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің ерекше үлесін атап өтті – ҰКП Басқарма Төрағасы Нұржан Әлтаев, Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов және Комитет Хатшылығының сарапшысы Дмитрий Савеленко мадақтамаларға ие болды.

ҰКП өкілдерінің көші-қон саясатының жетілдірілуі төңірегіндегі жаңа ұстанымдарды қамтитын халықтың көші-қон мәселелеріне қатысты заң жобасының Тұжырымдамасы бойынша жұмыс тобына кіретінін атап өту керек. Құжатта төрт бағыт көзделген: өз бетінше жұмысқа орналасу үшін шетелдік жұмыс күшінің келу тәртібін өзгерту; жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін өзгерту; корпорацияішілік ауысуды жүеге асыру тәртібін жетілдіру; шетелдік дарынды жастар үшін Үкімет гранттарын енгізу. Тұжырымдаманы әзірлеуде Ұлттық палата ұсыныстары ескерілді. Қазірде ҰКП бизнес-қоғамдастық ұстанымдарын алға тартуды жалғастыруда. Ұлттық палата алаңында кәсіпкерлердің заң жобасы әзірлеушілерімен, сонымен бірге денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықовпен кездесуі өтті.

Сонымен қатар ҰКП ХКҰ-мен бірге Қырғызстан және Тәжікстан еңбек мигранттарын жинау, оқыту және ұйымдастырушылық тарту бойынша бағдарламаны әзірлеуде. Бағдарлама мәні көптеген мәселелрмен бірге Қазақстандағы нақты жұмыс берушіге (оның талаптарына сәйкес) еңбек мигрантын мақсатты түрде тарту болып отыр. Сондай-ақ, Ұлттық палата көші-қон мәселелері бойынша кешенді жоспарды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер