astana-view

Астанада автошиналарды кәдеге жарату және қайта өңдеу жөніндегі зауыт қайта іске қосылды

2015 жылғы 27 Ақпан
- Астана қаласы
11909 просмотров

Қазақстандағы осындай бірегей жобаны «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен және қолдауымен қаржыландырды.

"Kazakhstan Rubber Recycling" ЖШС – автокөлік шиналарының қалдықтарын кәдеге жарату және қайта өңдеу жөніндегі зауыт. Ол Астанада орналасқан. Қолданылатын жабдық пен Германияда жасалған технология жоғары сапалы 32 мың тонна өнімді қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

Жоба 2008-2010 жылдарда жүзеге асырылған. Осыдан кейінгі екі жыл бойында кәсіпорын, Қазақстанда тозған автокөлік шиналарын кәдеге жарату міндеттілігі жөніндегі заңнамалық базаның жоқтығына қарамастан, өз қаражаты есебінен қалдықтарды жинай жүріп, негізінде Астана қаласының аумағында жиналған 10 мың тоннадан астам тозған шинаны кәдеге жаратқан.

«Алайда өндірістің тек 25% жүктелуі «Каz RR» ЖШС-ның Қазақстанның Даму банкінен алған 6,7 млн АҚШ доллары көлеміндегі қарызын жабуына мүмкіндік бермеді. Зауыт әрекетсіз тұрған кезде кәсіпорын басшылығы әрекеттегі заңдарға, соның ішінде, Экологиялық кодекске, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу, ұнтақты, асфальтбетонды қайта өңдеуге  қатысты түрлі стандарттарға бірқатар өзгертулер мен толықтыруларды лоббилендіруге қол жеткізді», - деп түсінік беріп кетті зауыттың бас директоры Ермек Әбдиев.

Ақырында 2014 жылға қарай Қазақстан заңнамасы нормаларының осы саладағы жалпы тұжырымдамасы әлемдік тәжірибемен ұқсастық тапты, яғни қалдық тастаған тұлға оларды кәдеге жарату жағынан қоғам алдында жауапкершілік алатын болды.

«Яғни заңнамаға сәйкес қалдықтарды түзуші сәйкес өндіріс құру жолымен шина қалдықтарын тиімді түрде кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге міндетті, не басқа бір маманданған өндіріске беруге тиіс. Шина қалдықтарын полигондарға немесе басқа да сақтау орындарына беруге тыйым салынады», - деп түсіндірді зауыт басшысы.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ еншілес құрылымы тұлғасында «Бәйтерек» холдингі мен «Каz RR» ЖШС арасында қарызды қайта құрылымдау және өндірісті жаңғырту жайлы бейбіт келісімге қол қойылды.  

«Бұл қадамдар кәсіпорын жұмысын қайта жаңғыртуға сеп болды. Қазірде шикізат жеткізу және өнімді өткізу шарттарына қол қою процесі басталып кетті. Тағы да бір маңызды аспект – жұмыс орындары сақталды», - деді «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Ибрашев.

Мәжбүрлі тоқтап тұрған кезеңдегі пайыздық сыйақы, өсімпұл және айыппұл түріндегі қарыздың жалпы сомасынан 327 миллион теңге қаржылық сауықтыру шаралары ретінде шығысқа шығарылды. 1 571 838 341 теңге сомасындағы қарыздың қалдығы қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша төлемдер бойынша 1 жылға мерзімін ұзартумен пайыздарды есептеусіз 7 жылға ұсынылды. 

2015 жылдан бастап зауыт Астана аумағында кәдеге жарату үшін қалдықтарды қабылдауды жүзеге асырады. «Каz RR» ЖШС қызметін қайта жаңғырту нәтижесінде 2030 жылға қарай қайта түзілетін қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу деңгейін Қазақстанда кем дегенде 50 пайызға жеткізбекші.

Кәсіпорын сонымен қатар «ЭКСПО-2017» көрмесінде Астананы Еуропада қолданылып, мойындалған асфальтбетон қоспалар модификаторы – инновациялық өнімімен танытуды жоспарлауда. Ол кейін РФ «РосНано» ААҚ-мен бірге өндірілмекші.

Шамамен 90 жұмыс орны құрылып, жергілікті және республикалық бюджетке салықтар тұрақты түрде төленіп тұратын болады.

«ҚР-да бұрыннан бар және жаңадан түзілуші шина қалдықтарын жинау қызметін жүзеге асыру үшін ҚР экологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдары тарапынан бақылау қажет. Бұл сала қызметінің бастапқы кезеңінде, қалдықтарды түзуші тұлғалар Қазақстан заңнамасының нормаларын мүлтіксіз орындау бастағанға дейін қажет», - деп түйіндеді кәсіпорынның бас директоры Ермек Әбдиев.

Қарлығаш ЖҮСІПБЕКОВА


Еншілес ұйымдар

Серіктестер