astana-view

Әйелдер бастамасын дамытуда

2015 жылғы 19 Наурыз
- Атырау облысы
11483 просмотров

17 наурызда Атырауда жергілікті Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің  алғашқы отырысы өтті. ҚР ҰКП 2015 жылды Өңірлер жылы деп жариялағаны белгілі. Болашақ бизнес-вумендер үшін алаң құру жөніндегі бастаманы алғаш болып Атырау облысы қолдап отыр.

Кеңестің негізгі міндеттерінің бірі әйелдер бастамалары, олардың өзін өзі жүзеге асыруын дамыту арқылы, жаңа бизнесті ұйымдастыруға және бұрыннан келе жатқанын өркендетуге тәжірибелік көмек көрсету арқылы өңірлердегі әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігін көтеру болып табылады.

Кеңестің бірінші кезекті міндеті ауылдардағы әйелдердің бизнес-бастамаларын жан-жақты қолдау болып табылады. Осыған орай, жер-жерлерде оқыту тренингтері мен консультациялар ұйымдастырылады, жеке бизнес-жобаларды даярлауға және жүзеге асыруға көмек көрсетіледі. Олар үшін шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары жайлы ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Өңірлердегі кәсіпкер әйелдердің табыспен жөнге салынған жеке бизнесі бола тұрып, сыртқы нарыққа шығуға талпынатынын айта кету маңызды. Осыған орай, қазақстандық өнімді экспорттауды жүзеге асыру мақсатында қазақстандық кәсіпкер әйелдер мен шетелдік серіктестер арасында сындарлы сұхбат орнатуды көздейтін жеке бағдарлама дайындалады.

«Осылайша, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік іскер әйелдер кеңесі әйелдер бизнесін дамытуға және қолдауға ниетті, осылайша елдегі жұмыспен қамтылау деңгейін көтермекші, жаңа жұмыс орындарын құруға сеп болмақшы. Әрбір өңірде осыған ұқсас Өңірлік іскер әйелдер кеңестері құрылатынына сенімдіміз» - дейді ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының басшысы Ләззат Рамазанова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер