astana-view

«Жасырын» жиһаз

2015 жылғы 15 Мамыр
9956 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті Хатшылығы дайындаған және ұсынған отандық өндірушілерді қорғау әдістері мен механизмдері

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңдеу өнеркәсібі хатшылығына Қазақстан Республикасы Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығы жүгінді. Қауымдастық өкілдері «Ағаштан немесе шайыр немесе басқа да органикалық заттар қосылған немесе қосылмаған басқа да ағаштандырылған материалдардан жасалған ағаш талшықты тақталар» 4411 және «Ұсталық және балташылық ұяшықты ағаш панельдерін қоса алғанда, ағаш, құрылыс бұйымдары жиналатын қалқанды паркет, гонт және шатырлық кереге шабақ» 4418 СЭҚ ТН тауарлық жайғасымдары кодтары бойынша басқа тауарлар түрінде жиһаз өнімдерін импорттау түйткіліне назар аударды.

Отандық жиһаз өндірушілер жасырын тауарлар бойынша жиһаз өнімдерін әкелу себебінен өткізу нарығынан айрылады және, сәйкесінше, өз өндірісінің көлемін қысқартуға мәжбүр.

«Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті хатшылығының сарапшылары қауымдастық ұсынған мәліметтерге талдау жүргізіп, жиһаз өнімін көлеңкелі әкелу көлемін барынша азайтуға сеп болатын ұсыныстар дайындап шықты.

Аталмыш шешім Тәуекелдерді басқару жүйесіне (ТБЖ) негізделеді. Кеден органдарының ТБЖ механизмдерін табыспен қолданып жүргені белгілі. Бұл сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының қандай да бір бақылау нысандарын жүргізумен байланысты уақыт және қаржылай шығындарды айтарлықтай қысқартуына сеп болды.

Бүгінгі таңда кеден қызметкерлері декларацияланатын тауарлар бойынша бақылау жүргізу нысанын өз бетінше анықтауға құқылы. Себебі кеден органдары қолдануы мүмкін бақылау нысандары ТБЖ ақпараттық жүйесінің көмегімен анықталады, яғни кеден органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз.

ҰКП ұсынысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетіне жолданды. Нәтижесінде кеден органдары Палата ұсынысына қолдау көрсетті. ҚР ҚМ МТК жауабын мына жерден оқыңыз.

Хатшылық ұсынған шешім тауарларды жиһаз өнімі деп жасырын әкелу тәуекелдерін барынша азайтады да, осылайша, бір жағынан, мемлекет бюджетіне кедендік төлемдер мен салықтардың түсу көлемінің өсуін қамтамасыз етсе, екінші жақтан – отандық жиһаз өндірушілер үшін бәсекелестік жағдайдың құрылуын.

Хатшылық жиһаз және құрылыс саласының кәсіпорындарына жеткізілуі өндірістік мақсаттарға арналған 4411 және 4418 тауарлық жайғасымы кодтары бойынша импортталатын тауарларға кедендік тексеру қолданудың барлық жағдайлары туралы ақпарат беруді өтініп жүгінеді. Мұндай оқиғаларды анықтау кеден органдарының жәрдемімен процесті оңтайландыруға және отандық жиһаз өндірушілердің өз өндірісі үшін шикізат жеткізуі кезінде тұрып қалу тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер