ЕАЭО аясындағы интеграция бизнеске қаншалықты тиімді?
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев сессияның ашылуында сөйлеген сөзінде аталған сессия – еуразиялық интеграция жағдайында бизнес жүргізудің тәжірибелік мәселелерін талқылап, пікір алмасуға жасалып отырған бірден-бір мүмкіндік екенін атап өтті.
«ЕАЭО қарапайым кәсіпкерге не ұсынады? Еуразиялық экономикалық одақтың жарты жылдағы жұмысының нәтижесі қандай? ЕАЭО әріқарайғы дамуында қандай мүмкіндіктер ашылады? Осы және өзге де сұрақтарға бүгінгі сессияда жауап табуға тырысамыз», - деп «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары жиын тақырыбын атынқтап берді.
Рахым Ошақбаевтың айтуынша, «182 млн тұтынушысы бар және сыртқы сауда айналымы 1 трлн доллар (937 млрд АҚШ доллары) құрайтын алып нарықта бизнестің инвестициялар тартуға, жаңа өндіріс орындарын құруға, сыртқы нарыққа тауарларын ілгерлетуге үлкен мүмкіндіктерді иеленген».
ЕЭК Бәсекелестік және антимонополиялық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Нұрлан Алдабергенов атап өткендей, 2015 жылы 1 қаңтарда құрылған Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекетшілік Антимонополиялық органының құзырына ЕАЭО трансшекаралық нарығындағы бәсекелестік қағидаларының сақталуына бақылау жүргізу берілген.
«Антимонополиялық әрекет ету шараларын қолдану, оның ішінде қағида талаптарын бұзушыларға айыппұлдар салу және тергеу жүргізу Антимонополиялық органның құзырына берілген. Сондай-ақ Минск қаласында ЕАЭО туралы шартының және ЕАЭО органдарының шешімдерінің орындалуы бойынша туындаған дауларды қарастыратын ЕАЭО соты өз жұмысын бастады»,- деп атап өтті ЕЭК өкілі.
ЕЭК тарнсшекаралық нарықтағы бәсекелестіктің ортақ қағидаларының сақталуы бойынша бақылауды жүргізу үшін барлық қажетті нормативтік база қабылданған. Сондай-ақ 2015 жылғы 12 мамырда Бәсекелестіктің ортақ қағидаларын сақталуын бақылау бойынша ЕЭК құзырын жүзеге асыру барысында құпия ақпаратты және жауапкершілікті қорғау және жарияламау туралы келісім күшіне енді.
Бұл ретте Бәсекелестік және антимонополиялық реттеу жөніндегі Алқасының мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергенов пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының Төрағасы Абылай Мырзахметов Өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған Меморандум негізінде ҰКП пен ЕЭК арасындағы ортақ Жұмыс тобы құрылып, ЕАЭО трансшекаралық нарығында жосықсыз бәсекенің басымдық жағдайды пайдалануы фактілерін анықтап, оларды ЕЭК қарауына жолдап, тиісті шешімдерге қол жеткізіп, тиіст шара қолданылып отырмақ.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: