astana-view

Осындай Хартия бар!

2015 жылғы 22 Мамыр
8171 просмотров

Кәсіпкерлік субъектілері Хартияға қосыла отырып, бизнесмендер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда септігін тигізетін қағидаттар мен ережелерді өркендетуге деген ниетін білдіреді.

Хартияда бизнес-қоғамдастықтың адал бәсекелестікті және елге келетін инвестицияларды шектейтін, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының тежегіші ғана емес, ұлттық қауіпсіздік қаупіне айналған құбылыс – сыбайлас жемқорлықпен күресті құптайтыны әрі қолдайтыны аталған.

Хартияда көрсетілген қағидаттар мен ережелер корпоративтік басқару, мүдделер қақтығысы, жеке қызметкерлерге де, сондай-ақ клиенттер мен қызметкерлерге қатысты жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау нормалары мен процедураларын қамтиды. Хартия кодекске сатып алудағы жағымды тәжірибені, бизнестің әлеуметтік корпоративтік жауапкершілігі аясында есеп беруді әзірлеу және қосу жайлы нормалардан тұрады.

Кәсіпкерлер Хартияға қосыла отырып, жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын ұстануды растайды және аталмыш құжат қағидаттары мен ережелерін жүзеге асыруда жауапкершілікті өз мойнына алады.

«Атамекен» Ұлттық палатасы Хартия ережесін қолдайды және кәсіпкерлік субъектілерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға сеп болатын негізгі қағидаттар мен ережелерді өркендетуге, олардың сақталуын нұсқауға дайын.

Хартия мәтінімен мына жерде танысуға болады.                                                        

Хартия мәтіні бойынша ескертулер мен ұсыныстарды мына мекенжайға жолдауды сұраймыз - 112@palata.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер