astana-view

ЕАЭО барлық мүшелеріне тең жағдай

2015 жылғы 22 Мамыр
8402 просмотров

Еуразиялық экономикалық комиссия Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов VIII Астана экономикалық форумының аясында өтіп жатқан «Еуразиялық экономикалық одақтағы бизнеске арналған мүмкіндіктер» тақырыптық секциясында осылай деп мәлімдеді.

Оның ойынша, Кеден одағы жұмыс жасаған бес жыл ішінде тауарлар қозғалысы ережесінде белгілі бір табыстарға қол жеткізілген, оның үстіне КО жұмыс жасаған бастапқы үш жылда өзара сауда көлемінің ұлғаюы байқалған.  «Алайда кейін көптеген факторлар бойынша (сыртқы, ішкі және өзге де) өзара саудадағы өсу динамикасы айтарлықтай баяулап, бұл үкіметтің де, Еуразиялық экономикалық комиссияның да тұрақты бақылау нысанына айналды, және де осы бағыттағы жұмыс біршама белсенді түрде жүргізілуде», - деп атады Тимур Сүлейменов.

ЕЭК өкілі интеграциялық процестердің дамуына кері әсерін тигіуі мүмкін тұстарды сөз етті. Мәселен, оның ойынша, егер тауарлар нарығы қандай да бір дәрежеде реттелсе, Тараптардың тауарлардың кедергісіз қозғалысы ұлттық режимін ұсыну жөніндегі ережелері мен міндеттемелері жазылып қойса, онда, бір айта кететіні, ЕАЭО барлық елдерінде ЖІӨ 50 пайызын құрайтын қызметтер нарығында белгілі бір қиындықтар баршылық.

 

«Кемсітушілік сипатта болуы мүмкін көптеген кедергілер мен, ұлттық заңнама нормалары бар. Бірыңғай қызметтер нарығын құрмайынша экономикалық бірлестіктің интеграциялық күшін толық көлемде қолдана алмаймыз. Сондықтан да қазір түрлі секторлар бойынша бірыңғай қызметтер нарығын құру мәселелерімен белсенді түрде айналысып жатырмыз», - деді ЕЭК өкілі.

Бірыңғай қызметтер нарығы дегеніміз не? Тимур Сүлейменов түсіндіріп кеткендей, ЕАЭО туралы Шартта ұлттық режим ұсыну туралы норма жазылған.

«Яғни бір елдің қызмет ұсынушысы екінші елде ұлттық заңнамада қоданылатын реттеуден өзгеше көлем мен нысандағы реттеушілік қысымға алынбауы тиіс.  Шартты түрде, Беларусьта жұмыс жасайтын қазақстандық аудиторлық немесе консалтингтік фирма мүдделері беларустықтан өзгеше қарала алмайды. Бұл ұлттық режим, ол бірыңғай нарық негізіне алынған», - деп түсіндірді ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр).

Қызметтер елдің өзінде болу қажеттілігінсіз трансшекаралық аумақтарда ұсыныла алатын материалдық зат болмағандықтан, Шартта сонымен қатар бірыңғай қызмет нарығы аясында, жеке тізбені қоспағанда, барлық қызметтерді қажет заңды тіркеусіз ұсынуға болатыны жазылған.

Бірыңғай қызметер нарығының үшінші аспектісі – бұл лицензияларды, рұқсаттарды, біліктіліктерді өзара тану. ЕЭК өкілінің сөзіне сүйенсек, Қазақстан бұл мәселеде нарыққа шығу үшін кедергілерді төмендету жөніндегі жұмысты табандылықпен және дәйекті түрде жүргізеді, және де, сәйкесінше, құжаттар саны да қысқарады. Тимур Сүлейменов атап өткендей, Ресейде және Беларусьта бұл жұмыс басталып қойған, алайда, өкінішке орай, лайықты деңгейде емес. Қандай да бір қызметті жүзеге асыру жолында кедергілер көптеп кездеседі. Сонымен бірге, ЕЭК экономика және қаржы жөніндегі министрі баса көрсеткендей, бірыңғай қызмет нарығының аясында бір елге берілген рұқсатты келесі елдің сәйкес органы тануға тиіс.

«Шартты түрде айтсақ, Қазақстан Республикасында аудиторлық лицензияға ие бола отырып, бірыңғай қызметтер нарығы аясында ЕАЭО барлық елдерінде осыған ұқсас қызметтер жеткізуге болады», - деп түсіндірді ол.

ЕЭК өкілінің ойынша, «ойын ережесін» үйлестіріп алмай, бірыңғай нарық үшін қажет жағдай жасау, әрине, мүмкін емес. Сондықтан да бірыңғай нарыққа көшу бір сәтте іске аспайды.

«Бүгінде құрылыс, инженерлік қызметтен бастап, құнақ үй, бөлшек және көтерме сауда қызметтеріне дейін 43 қызмет секторы бірыңғай қызмет нарығы аясында қызмет жасайды. Және де егер бизнес үшін сәйкес жағдай жасалмаса, яғни ЕАЭО туралы Шарт ережесін сақтамау жайлы шағым беру үшін негіздеме жеткілікті», - деп хабарлады Тимур Сүлейменов.

ЕЭК өкілі сондай-ақ кәсіпкерлерге сауданы, мекемелер қызметін реттеу ережесі әзірленіп жатқанын жеткізді. Аталмыш ережені ЕЭК Жоғарғы кеңесі, яғни ЕАЭО елдерінің президенттері тағайындайды, және де тікелей әрекетті құжат болып табылмақшы. Оның айтуынша, ережеде міндетті талаптарды белгілеу, рұқсат ету құжаттарын жүзеге асырудан бастап, бақылау, қадағалау мәселелеріне дейінгі жалпы кәсіпкерлік қызметті реттеуге деген жалпы ұстанымдардың негізі қаланады.

«Заңнамаларымызда қоданылып жүрген күллі реттеу вертикалін ортақ қорытындыға келтіргіміз келеді. Елімізде бар ең үздік тәжірибелерді, сонымен қатар РФ, Армения, Белорусьтағы әріптестеріміздің тәжірибесін де қолданбақшымыз, - деді Тимур Сүлейменов. – Ереже ұлттықтың үстіндегі ғана емес, ұлттық актілер үшін бизнеске әсерін тигізуі мүмкін құжаттарды қоғамдық талқылау міндетті болып табылуын көздейді, мүдделі тұлғалардың көру, түсінік беру және осы ережені енгізуді ұсынып отырғандардың кері пікірін алуына қолжетімділік мүмкіндігі жазылған».

ЕЭК өкілі рұқсат ету жағынан Қазақстанда бұрыннан келе жатқан тәжірибе қолданылатынын да айтып өтті, бұл заңнамалық деңгейде бірыңғай рұқсаттар тізбесін белгілеу, атауы, орган – лицензиар және т.б. өзгергеніне қарамастан берілген рұқсат әрекетін сақтау, яғни мазмұнның формадан артықшылығы.

Тимур Сүлейменов сонымен қатар бақылау мен қадағалауды реттеу жағынан тәуекелдерді басқару жүйесіне көшу мүмкіндігі қаралып жатқанын да жасырмады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер