astana-view

«Кедендік конституция» жолында

2015 жылғы 26 Мамыр
7376 просмотров

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі алаңында Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің жобасына тұжырымдамалық түзетулер енгізу бойынша қазақстандық тараптың бірыңғай ұстанымын жасау тақырыбында отырыс өтті.

Отырысқа мемлекеттік органдар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен салалық бизнес-қауымдастықтар өкілдері қатысты.

2015 жылғы 19 ақпанда ҚР Үкіметі мемлекет ішінде келісу және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті алаңында жобаға тұжырымдамалық ұсыныстар даярлау жөніндегі Жұмыс тобын құру процедураларын аяқтау мерзімін өзгерткені туралы шешім қабылдағанын естеріңізге саламыз.

2015 жылғы 20 наурызда Мемлекеттік табыс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің бұйрығымен қазақстандық бизнестің қатысуымен жаңа ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. 2015 жылғы 30 наурыз бен 30 сәуір аралығындағы кезеңде жұмыс тобы күн сайынғы режимде жұмыс жасай отырып, ЕАЭО Кедендік кодексі жобасына түзетулер даярлады. Тұжырымдамалық ережелер ескерілді, оларға негізделе отырып, жобадан «резиденттік» қағидатының күшін жоюға; жанама салық төлеуді реттемелейтін нормаларды (ұлттық заңнамамен жанама салық алуды реттеу) алып тастау ұсынылды.

Жұмыс тобы сонымен қатар ұлттық түсіндіру мүмкіндігінсіз халықаралық және ішкі транзитті іске асыру тәртібін реттемелеуді орнатуды ұсынады (өткізу бекеттерін тексеру, белгілеу бойынша өз бетінше шешімдер қолдану, қосымша құжаттар сұрату, сәйкестендіру құралдарын және қамтамасыз ету сертификаттарын тану және т.б.).

Аталмыш тұжырымдамалық ережелер отырыста мақұлданды, және де таяу арада Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕАЭО Кедендік кодексі жобасына 600-ден астам түзету жолданбақшы. Отырыста айтылған бизнес-қоғамдастық өкілдерінің жекелеген ескертулері мен ұсыныстарын мемлекеттік органдар қолдады және Қазақстан ұстанымына енгізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер