astana-view

Орау индустриясы «Агробизнес-2020» бағдарламасына талпынуда

2015 жылғы 01 Маусым
10377 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасында «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті Орау индустриясы кіші комитетінің екінші отырысы өтті.

Отырыс күн тәртібінде «Даму» КДҚ» АҚ, «ТДҰА» АҚ, «Kaznext Invest» АҚ қолдау құралдары мәселелері, сондай-ақ республикадағы орау индустриясының «тауашалы нарықтарын» дамыту мүмкіндіктері қаралды.

ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті хатшысының орынбасары Батырбек Әубәкіров отырыста сөз сөйлеп, орау материалдарының шамамен 70%-ы тамаққа қатысты екенін атады. «ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі отандық тамақ өнеркәсібін қолдауға айтарлықтай қаражат бөледі. Орау индустриясы саласы тамақ өнеркәсібімен тығыз байланыста екенін айта кету керек, және де, осының салдары ретінде орау индустриясын дамыту мақсаттық Бағдарламасының аясында қаржыландыруға зәру, өйткені кез-келген өндірілген азық-түлікті бөлшек саудаға жібермей тұрып, орау қажет. Ыдыс және орама өндіруші компаниялар ҰКП-ға «Агробизнес-2020» мемлекеттік Бағдарламасына «Ыдыс және орама өндірісі» бөлімін қосуға жәрдем жасау туралы өтінішпен жүгінді.

 

Батырбек Әубәкіров ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті қадағалап отырып, жоғарыда аталған мемлекеттік ұйымдар тарапынан қолдау құралдарын алуда қандай да бір қиындықтарға ұшыраған кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеді.

«Даму» КДҚ Алматы қаласындағы филиалының директоры Андрей Романов өз кезегінде орама өндірушілердің қор құралдарын, соның ішінде, субсидиялауды қалайша қолдана алатынын мұқият түсіндірді. «Кәсіпорынға алған кредиті бойынша банкке төленген сыйақыдан жылдық 7-10 пайыз бен кепілдіктің орны толытырылады, осының көмегімен кәсіпорын кепілдікті қамсыздандыру жетіспеген жағдайда екінші деңгейлі банктен қарыз ала алады. Тауар өндірушілер де өз қуаттылықтарын кеңейтуге осы құралдарды қолдана алатынын атап өту керек, бұл кейін орамаға деген тапсырысты арттыруға мүмкіндік береді».

Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік өкілі Ұлдай Жаркенова Агенттіктің қолдау құралдарын таныстырды, сонымен қатар қолдау басымдылықтарының қатарына орау индустриясы бағыты да кіретінін хабарлады.

«Kaznext Invest» Алматы қаласы бойынша директоры Сәбит Нұрбаев тыңдаушыларды экспортты қолдау және инвестициялармен байланысты сервистік құралдармен таныстырды. «Біз орау индустриясы үшін жекелеген құралдар ұсынамыз: орама өндірушілерге арналған машықтандыру, осы саладағы шетелдік сарапшыларды тартумен семинарлар ұйымдастыру - дизайн, маркетинг және көптеген басқалары».

Бүгінде, кәсіпкерлердің ойынша, орау индустриясын дамыту үшін негізгі түйткіл Қытайда жасалған, көбіне контрафактілі, яғни ҚХР-дан заңсыз әкелінетін тауарлардың жаппай қысымы болып табылады.

Отырыс соңында Батырбек Әубәкіров ҰКП ыдыс және орама өндірушілерді кез-келген мәселеде бұдан былай белсенді қолдап отыратынын баса көрсетті. «Біз кәсіпкерлердің «Даму», «ТДҰА», «Казнекс Инвест» және ҚИДИ ұсынатын барлық қолжетімді құралдарды барынша қолданғанын қалаймыз. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық ораушылардың дамып, біршама бәсекеге қабілетті болуына мүдделі», -деп қорытты Батырбек Әубәкіров. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер