astana-view

Ұлттық бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау көбінесе бизнесмендер пікіріне байланысты

2015 жылғы 03 Маусым
10848 просмотров

Қазақстанның экономикалық жай-күйін жақсарту үшін халықаралық рейтингтер аясында өткізілетін реформалар мәні айтарлықтай жоғары. Түрлі рейтингтер нәтижелері түйткілдер мен міндеттерді сәйкестендіру, жіктеу үшін, оларды мемлекет пен экономиканы тиімді стратегиялық басқару үшін қолдануға мүмкіндік береді.

Елдің бәсекеге қабілеттілігін негізгі бағалау Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (ДЭФ ЖБҚИ) нәтижелеріне негізделеді (ГИК ВЭФ).

ДЭФ ЖБҚИ 119 көрсеткіштен қалыптасады, оның ішінде 34 көрсеткіш статистикалық деректер нәтижелері бойынша есептеледі, ал қалғандары – елдегі орта және ірі кәсіпорындар басшыларының сауалнамаға берген жауаптарының нәтижелері бойынша. 119 көрсеткіш ішінен 12 бәсекеге қабілеттілік факторы айқындалады: институттар сапасы; инфрақұрылым; макроэкономикалық тұрақтылық; денсаулық және бастауыш білім; жоғары білім және кәсіби даярлық; тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі; еңбек нарығының тиімділігі; қаржы нарығының дамығандығы; технологиялық даму деңгейі; ішкі нарық мөлшері; компанияның бәсекеге қабілеттілігі; инновациялық әлеует.

Осылайша, ұлттық бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау көбінесе бизнес-қоғамдастықтың ой-пікіріне байланысты болады әрі елдің орташа және ұзақ мерзімдік келешектегі бәсекелестік даму және өсу тенденцияларын көрсетеді.

Рейтингке қатысушы барлық елдер экономиканың даму сатыларына қарай бөлінеді.

2012 жылдан бері Қазақстан (Ресей сияқты) рейтингке дамудың 2 кезеңінен (өнімділікке негізделген кезең) 3 кезеңіне (инновацияларға негізделген кезең) өтпелі экономикалы ел ретінде қатысады.

ДЭФ ЖБҚИ нәтижелері бойынша 2014 жылы Қазақстан 144 ел арасында, былтырғы жылмен салыстырғанда өз жайғасымын сақтап қалып, 4,42 орташа балмен 50 орын алды.

2015 жылы іскерлік климатты жақсарту бойынша түбегейлі шаралар қолданылды. Сонымен, егер бұрын жер телімін ресімдеуге 3 айдан бір жылға дейінгі уақыт кетіп, 14 құжат талап етілген болса, ал қазір ресімдеудің жалпы мерзімі - 46 күнге дейін, белгіленген үлгідегі бір құжат талап етіледі. Сондай-ақ ШОБ үшін мөрдің болуы туралы талап күшін жойған, құрылыс нысанының сапасын бақылау жүйесі жеңілдетілген, қосу процедуралары жеңілдетілген, тауарлар импорты мен экспорты кезіндегі қажет құжаттар саны азайтылған.

Қазірде Ұлттық экономика министрлігі ДЭФ ЖБҚИ үйлестірушісі ретінде 2016 жылға дейінгі Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі Шаралар жоспарын дайындады (2015 жылғы 21 сәуірдегі ҚР Үкіметі отырысының №18 Хаттамасымен бекітілген).

Аталмыш Шаралар жоспарында көрсетілген көрсеткіштер үшін жауапкершілік құзыреті жөнінен мемлекеттік органдарға жүктелген. Атап айтқанда, ұлттық экономика, инвестициялар және даму, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, әділет, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім және ғылым министрліктеріне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және Ұлттық Банкке жүктелген.

Сонымен қатар, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер арасында ДЭФ ЖБҚИ көрсеткіштері бойынша өткізілетін жұмысқа тұрақты ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер