astana-view

Электронды шот-фактуралар және POS-терминалдарын енгізуде шағын бизнестің тиімділігі талқыланды

2019 жылғы 01 Ақпан
7209 просмотров

2015 жылдан бастап кәсіпкерлер онлайн бақылау-кассалық машиналарды қолдануға міндеттелді

Айта кетелік, Қазақстанда бақылау-кассалық машиналарды енгізу кезең-кезеңмен жүріп, және 2020 жылға қарай барлық кәсіпкерлердің 100% қолдануымен аяқталады. Онлайн бақылау-кассалық машиналарды қолдануға өту мәселесі «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті отырысында талқыланды.

Бизнес электронды шот-фактуралар, онлайн бақылау-кассалық машиналар, POS-терминалдар және енгізілмек таңбалау қосымша ауыртпалық әкелетініне алаңдаушылық білдіріп жатыр. «Қазақстан тәуелсіз автобизнесі одағы» одақ формасында ЗТБ және жеке кәсіпкерлік талдауы көрсеткендей, егер бүгін кәсіпкер патент бойынша салық режимін қолданса, жылдық табысы 3 млн теңге болса, онда 30% мөлшеріндегі ай сайынғы табысы тек 57 692 теңгені құрайды. Осы сомадан кәсіпкер бюджетке 10 738 теңге және үшінші тұлғаларға 917 теңге төлеуі тиіс. Оған банк комиссиясы, «Қазақтелеком» АҚ-тың бақылау-кассалық машинасы үшін төлем,  POS-терминал қызметі кіреді.  Ал бухгалтерлер қызметіне кететін шығандар айтарлықтай, оларсыз шот-фактураларды шығару қиын.

 «Нәтиже ретінде, жеңілдетілген режимді қолдану арқылы кәсіпкер өз табысының жартысына жуығын бюджет пен үшінші адамдарға беруге мәжбүр болады.  Ел бойныша орташа бағалау 3% екенін ескерсек, жаңа өзгерістер, жаңа бизнеске нарыққа кіруді қиындатады. Бұл «кедейліктің тұзағы», оның салдарынан жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердің басым бөлігі нарықтан кетіп, бизнестерін жабатын болады, жартысы көлейгейлі экономикаға кетеді», – деді ЗТБ өкілі Тимур Жаркенов.

Ұсыным ретінде Одақ сауда саласында патентті сақтау мүмкіндігін қарауды, ҚҚС-ты төлемейтін кәсіпкерлерді электронды шот-фактураларын төлеуден босатуды ұсынды, сонымен қатар Одақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ары қарай бюджет пен қорларға жіберу арқылы арнап бірыңғай жиынтық төлемді енгізу бойынша бастамады қолдады.

Дәстүрлі кассалық аппаратқа баламаны қамтамасыз етуде мобильді құрылғыларға арналған  онлайн-қосымшалар бар деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының сарапшысы Санат Жүсіпов. Маманның айтуынша, кәсіпкерлерге бақылау-кассалық аппараттарға көшуге қажетті уақыт бөлінген.

«Үш жыл ішінде 200 мың аппарат тіркелген. Қазір дәстүрлі форматтағы онлайн-машиналардың және мобилді қосымша ретінде жұмыс істейтін машиналардың бай паркі  қалыптасқанын айта кеткен жөн», – деді Санат Жүсіпов.

 Қазіргі таңда ҚР Парламентінің Сенаты қарауында бизнес-ортаны дамыту мәселелері жөніндегі Заң жобасы жатыр. Өзгертулердің бірі патент және оңтайландырылған декларация бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлерге бақылау-кассалық машиналарын орнату арқылы жеке табыс салығын 50%-ға дейін, бірақ 60%-ға азайтуға мүмкіндік береді.  

«Үшқұрауышты интеграциялаған жүйені қолданушы кәсіпкерлер де, өзгерістерге сәйкес, салық көлемінің жыл сайынғы мөлшерін 60 пайызға екі жыл ішінде төмендете алады. Заң жобасы аталған нормаларды биыл 1 қаңтардан бастап енгізуді ұсынады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Салық салу департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова.

 Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған электронды шот-фактураға қатысты мәселелер бойынша ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сарапшысы Сұңғат Исмурзин заңнамада кәсіпкерлер қолдана алатын электрондық шот-фактураны бермеуге мүмкіндік беретін ережелер барын түсіндірді.

 «Егер тауар, жұмыс, қызмет түрлеріне қолма-қол ақшамен төлем жасаса және клиентке бақылау-кассалық машинаның чегі немесе төлем терминалдары арқылы немесе төлем карточкаларын, төлем жасауға арналған жабдықты пайдалана отырып, сондай-ақ электронды ақша арқылы төлемдер болған жағдайда, электронды шот-фактураны шығару қажет етілмейді», – деді Мемлекеттік кірістер комитетінің сарапшысы.

 Айта кетелік, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген сауалнама барысында кәсіпкерлер бақылау-кассалық машиналарды енгізу жиі шағымданатыны анықталды.

Естеріңізге салсақ, 17 қаңтар күні Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық кәсіпкерлер арасында алғашқы ауқымды сауалнама басталатынын хабарлады. Сауалнаманың мақсаты бизнестің мәселелерін анықтап, кәсіпкерлермен кері байланыс орнату. Бұл туралы баспасөз-конференциясы барысында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев хабарлады. Сонымен қатар кәсіпкерлерге арнап, пайдалы жаңа құрал – «Аtameken Services» порталы іске қосылды.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер