astana-view

Туристер қолдаусыз қалмайды!

2015 жылғы 03 Маусым
8855 просмотров

Қазақстанның Туристік агенттіктер қауымдастығы (ҚТАҚ) «Travel System» туристерінің түйткілдерін шешу жөніндегі жедел штаб құрды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бүгін 2015 жылғы 3 маусымнан бастап «Travel System» ірі туристік операторының өз қызметін тоқтата тұратынын хабарлағаны жайлы ақпараттандырады.

Бұл туралы ресми хабарландыру туристік оператор сайтында берілген. Қазақстанның Туристік агенттіктер қауымдастығы берген алдын ала деректер бойынша, жүзден астам туристік агенттік зиян шеккен.

Осыған орай, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанынан өңірлік әкімдіктермен жұмыс, «Travel System» компаниясы арқылы тур сатып алған турагенттер мен туристердің түйткілдерімен байланысты мәселелерді шешу және қоңырауларды қабылдау бойынша жедел штаб құрылды.

Штабтың байланыс телефондары - 87172 754434; 87172 754439.

Туристік сала комитеті Хатшылығының қызметкерлері аталмыш штаб құрамына кіреді.

Сонымен қатар, зиян көрген туристік агенттіктерге көмек көрсетуге арналған жедел штабты Қазақстанның Туристік агенттіктер қауымдастығы құрып отыр. Штабтың байланыс деректері:

    Нүркебаева Әсел (Алматы) — 8701 712 4326
    Етімова Эльнара (Батыс Қазақстан / Алматы) — 8 701 771 5292
    Айдар Нұрлыбай — 8 701 343 3334
    Мария Русина (Шығыс Қазақстан) — 8 777 223 8163
    Гауһар Жеңісбек (Астана) — 8 701 716 0350
    Елена Чернова (Қарағанды) — 8 701 745 8825

ҚР ИДМ Ақпараттық технологиялар департаментінің ақпаратына сүйенсек, барлық өңірлік әкімдіктерде аталмыш мәселе бойынша «жедел желі» ашылады. «Атамекен» ҚР ҰКП Туристік сала комитеті Хатшылығы да «Travel System» компаниясы қызметінен зардап шеккен турагенттер мен туристерге кез келген ақпараттық қолдау көрсетуге дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер