astana-view

Туристер қорғалуда

2015 жылғы 04 Маусым
7655 просмотров

Туристік компаниялар шиеленіскен жағдайдан шығар жол іздеуде бірігуде

Қазақстанның Туристік Агенттіктер Қауымдастығы (ҚТАҚ) прокуратураға «TravelSystem» туристік операторының жұмысын тоқтатуына байланысты болған шығынның орнын толтыру бойынша мәселелерді шешуде жәрдем сұрап хат жолдады. ҚТАҚ Президенті Әсел Нүркебаева  қауымдастыққа шамамен 200 фирманың жүгінгенін жеткізді.

«Мемлекеттік органдар – Туризм индустриясы департаментіне, Сыртқы істер министрлігіне, консулдыққа ұсыну үшін, зардап шеккен турагенттіктер бойынша адамдар тізімдері, қонақ үйлер, брондау сияқты барлық ақпаратты жинап жатырмыз. Жұмыс қызу жүріп жатыр. Туристік компаниялардың өз клиенттері залалының орнын толтыруға кеңес берілуде», - деді Әсел Нүркебаева.

Алайда Қауымдастықтың барлық залал шеккендер жайлы деректер жинап, жағдаяттан ойдағыдай шығуы үшін жоспар құруға уақыт қажет болады.

«700 адамды өз номерлерінен шығарып жіберуі мүмкін. Бұл «TravelSystem» компаниясымен сотқа баруға жақын қалған «Scat» авиакомпаниясымен ұшып баруға тиіс болғандар. Бұл туристер бойынша төлем жасалмаған», - деді ҚТАҚ ресми өкілі Денис Кривошеев.

Сарапшы түйткілді шешуге жүйелік тұрғыдан келуді ұсынды.

«Агенттіктерді емес, бара жатқан туристерді сақтандыру қажет. Сонда сақтандыру сыйақысы, агенттіктердің тең жартысы тарап кетсе де, нарықтағы кез келген шиеленісті жаба алады», - деп атады Денис Кривошеев.

Оның ойынша, туристік бизнестің қазір қолданылып жүрген әдістері сынақтарға төтеп бере алмайды және қолданыстағы заңнаманы өзгерту қажет.

«Нарық тұрақсыз әрі қысым күшті болады деп ескерткен болатынбыз», - деп жалғады сөзін Денис Кривошеев.

Жағдайды сақтандыру компаниялары мен туристік нарық арасындағы шиеленіскен қатынас нашарлата түсуде. Жақында «Казкоммерц-полистің» алғашқылардың бірі болып туристік нарықты сақтандыру жағынан лицензиясын тапсырғаны және сәйкес шарттарын қайтарып ала бастағаны белгілі болды. Тағы да бірнеше сақтандыру компаниясы осы бағытта жұмыс жасауда. Ал қалғандары өздерінің сақтандыру сыйақыларын заңнамамен рұқсат етілген ең жоғары деңгейге дейін шырқатып қойды. Бүгінде операторға арналған полис, қызметінің көлеміне қарамастан, 400 мың теңге тұрады, ал агенттіктер шамамен 200 мың төлеуге тиіс.

ҚТАҚ ресми органдармен ынтымақтастықта жағдайды қалпына келтіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Бұрындары ҚТАҚ туристік оператормен арадағы жағдайды бақылауға алып, «TravelSystem» қолындағы чартер шарты бойынша құқықты қаржылай қиындық көрмеген кез келген басқа бір компанияға қайта табыстау қажеттігі жайлы мәлімдеді. ҚТАҚ деректеріне сүйенсек, «TravelSystem» компаниясы түрік операторларының алдында үлкен көлемде қарыздар. Қазақстанның Туристік агенттіктер қауымдастығының «TravelSystem» туристерінің түйткілдерін шешу бойынша жедел штаб құрғанын еске саламыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер