astana-view

«Атамекен»: енді Мәскеуде

2015 жылғы 04 Маусым
8383 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өкілдігін Ресей аумағында тіркеу процедурасы табыспен аяқталды

Өкілдік ашу туралы шешім 2015 жылғы 27 қаңтарда Ұлттық палатаның Съезінде қабылданған болатын.

РФ Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Георгий Петров Өкілдік ашуға рұқсатты табыстау кезінде Ресей СӨП және бизнесінің Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен әрекеттестігін біршама сапалы деңгейге көтеруге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ интеграциялық процестерінің аясында тығыз ынтымақтастық жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер