astana-view

Қазақстандағы аграрлық бизнестің болашағы қандай?

2015 жылғы 04 Маусым
8041 просмотров

Елордалық Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVIII алқа отырысы өтті

Отырыс тақырыбы Қазақстандағы агробизнесті дамыту болды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отырысты аша отырып дәл осы тақырып таңдалуының кездейсоқ болмағанын баса көрсетті. «Қазақстан аумағы жөнінен әлемдегі тоғызыншы ел. Бірегей ауылшаруашылық ресурстарға ие», - деп атады Мемлекет басшысы. 

«Қолда бар ауылшаруашылық ресурстар көлемін, отандық және шетелдік инвесторлар үшін тартымдылықты ескере отырғанда Қазақстан географиялық тұрғыдан дәстүрлі өңірлік нарықтарды, сонымен қатар Қытай мен Үндістандағы, Таяу Шығыстағы жаңа нарықтарға қызмет етуге ыңғайлы орналасқан. Аса зор, бірақ әлі де ашылмаған әлеуетке ие», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті сонымен бірге осымен бірге «азықтық астықты экспорттауды ұлғайтамыз, және де жаңа нарықтарға шығу үшін жаңа көлік магистральдарын саламыз» деп атап өтті.

«Қазақстан күрделі сыртқы экономикалық жағдайлар мен геосаяси сынақтарға қарамастан, экономика өсуі мен инвесторлар үшін тартымдылығын көрсетуді жалғастыруда», - деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер