astana-view

Тылсым дата – «2 маусым»

2015 жылғы 04 Маусым
7774 просмотров

«TravelSystem» төңірегіндегі жағдайды қаржылай кепілдік механизмі тарқата алар еді

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Туристік сала комитеті Хатшылығының хатшысы Олег Мецик бұл туралы баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Оның айтуынша, ҚР ҰКП Инвестициялар және даму министрлігімен бірге заңнамаға бірқатр түзетулерді ұсынған, алайда олардың барлығы бірдей қабылданбайды.

«Біріншісі – бұл туристік оператор мен туристік агент арасындағы жауапкершілікті бөлу. Егер көрсетілген қызмет көңіліңізден шықпаса, қандай да бір шағым жасауға болатын тұлғаны енді анық білеміз. Қазір орнаған жағдайдың бетін қайтаруға тиіс болған екінші басты дүние қаржылық кепілдік қабылдануға тиіс болғандығы болып отыр. Өкінішке орай, ол қыста қабылданған жоқ, алайда жазда немесе күзге қарай қолдау табады деп күтудеміз, және де бұл туристік операторларды біршама анығырақ реттеуге мүмкіндік береді», - деді Олег Мецик.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Тимур Дүйсенғалиев Инвестициялар және даму министрлігінің Қазақстанда Ұлыбритания мен Скандинавия елдерінде жақсы қырынан танылған жүйені ұсынып отырғанын хабарлады. Идея мемлекеттік емес жинақтау қоры құрылуында жатыр, оған әрбір сатылған туристік пакеттен белгілі бір сома бөлінеді.

«Қор құру туралы идеяны әзірше келешекіз деп есептейміз. Неліктен? Себебі үлкен бір түйткіл туындайды. Мен ірі компаниямын делік. Тұрақты жұмыс жасаймын, және де неліктен басқа бір жосықсыз компанияның тәуекелдерін төлеуге тиіспін? Ал қаржы кепілдігі неде жатыр? Әрбір компания қаржы кепілдігін өзі енгізеді және өзін сыртқа шығу туризмі саласында сақтандырады. Алайда түзетулер әзірше өткен жоқ, себебі олар басқа бір маңызды компонент – бизнес жұмысын жеңілдетумен қақтығысқа кіреді. Қалай да қаржылай кепілдікті енгізу қажет деп есептейміз. Біз осы бастаманы алға тартуды жоспарлап отырмыз», - деді Олег Мецик.

Жалпы, баспасөз-конференциясына қатысушылар «TravelSystem» төңірегіндегі жағдайдың «Gulnar tour» оқиғасына ұқсамайтынын құптады. Қазіргі жағдай соншалықты үмітсіз емес.

«Біздің ойымызша, жағдайды реттеуге болады, бірақ тек оған қатысушылардың барлығы тәуекелдердің бір бөлігін мойынға алып, ынтымақтастық пен түсіністік танытқан жағдайда ғана», - деді ҰКП өкілі.

«Келіссөз процестерін жүргізу үшін, делдал болмақшымыз. Себебі қақтығыстың күшеюі ешкімге қажет емес. Одан да келіссөздер жүргізіп, қалыптасқан күрделі жағдайда көпшіліктің көңілінен шығатындай тәуекелдерді бөлу жолдарын түсінген жөн», - деп сендірді ол.

Қазақстанның Туристік агенттіктер қауымдастығының мүшесі, «Саят Фирмасы» ЖШС бас директоры Инна Рей туристік ұйымдар күйреуіндегі қандай да бір тылсым заңдылықты атады.

"Қауіпті «2 маусым» үшінші жыл қатарынан орын алып отыр, одан өтіп кету мүмкін емес. Осы оқиғалардың барлығы 2 маусымда болады. 2013 жылғы 2 маусымда «Pegas» авиакомпаниясы күйреді. Чартерлік сапарларға тыйым салу туралы заң қабылдадық. Себебі ол шетелдік чартерлік тасымалдаушы болған еді түйткіл содан туындады. 2014 жылғы 2 маусым келеді – енді келіп біздің қазақстандық "Gulnar tour" туристік операторы күйреп, оларда қаржылай түйткіл туындаған болып шықты. Ол бірден бүкіл нарық түйткіліне айналды. Себебі жауапкершілік бөлінбеген еді. Турагенттіктер мен туроператорлар арасындағы жауапкершілікті бөлу туралы заң қабылдадық. 2015 жылғы 2 маусым келеді – TravelSystem қызметін тоқтатты. Ендігі жерде қаржылай кепілдік туралы мәселе алда тұр", - деді туроператор.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер