astana-view

Темір жол тынысы

2015 жылғы 05 Маусым
10366 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде жүк жөнелтуші компаниялардың «Қазақстан темір жол» ҰК» АҚ жауапты тұлғаларымен кездесуі өтті. Кездесуде темір жол көлігі қызметтерінің тарифтері талқыланды.

Өңірлік кәсіпкерлер палаталары, темір жол әкімшілігі және жүк жөнелтуші компаниялар өкілдерінің қатысуымен өткен бейнеконференция тарифтерге, уақытша төмендетуші коэффициенттер ұсыну мәселелеріне және «ҚТЖ» компаниясымен әрекеттестіктің түйткілді мәселелеріне арналды.

Жиналысқа ҰКП Басқарма Төрағасының Орынбасары Мейрамкүл Дүзбаева, ҚТЖ Вице-президенті Қанат Алпысбаев, ҚТЖ операциялық қызмет жөніндегі Басқарушы директоры Оралхан Құлақов, «Kazlogistics» Қазақстанның Көлікшілер одағы Төрағасының Орынбасары Юрий Лавриненко, Өңірлік кәсіпкерлер палаталары, ҰКП департаменттері мен хатшылықтарының өкілдері қатысты.

ҚТЖ Вице-президенті Қанат Алпысбаев 2015 жылғы 4 ай қорытындысы бойынша және «2015 жылға арналған Өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау шаралары бойынша іс-шаралар жоспарының» орындалуы бойынша ҚТЖ жұмысының қорытындылары жайлы қысқаша ақпарат беріп, Жоспарда айтылған 14 кәсіпорын ішінен осы жылғы 2 маусымға дейінгі жағдайы бойынша уақытша төмендету коэффициенттері (УТК) 9 кәсіпорында бекітілгенін атап өтті.

Жиналысқа қатысушылар ҚТЖ инвестициялық бағдарламаларының орындалуы туралы ақпаратпен, сондай-ақ 2015 жылы кәсіпорындардың өнімді тасымалдау көлемі азайған немесе сақталған жағдайда мемлекеттік органдарға жүгінуге мүмкіндік беретін УТК ұсыну Ережесіне жасалатын өзгертулер туралы танысты.

Қанат Алпысбаев жиналысқа қатысушылардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Кәсіпкерлер қойған сауалдардың көп бөлігі ҚТЖ және оның мердігер (еншілес) ұйымдарымен әрекеттестік түйткілдері төңірегінде болды.

Атап айтқанда, ҚТЖ басшылығы «AVEST GROUP» ЖШС Қостанай ұн тарту компаниясы өкілінің Өзбекстаннан Қазақстанға келе жатқан өздеріне тиесілі бос вагондарды тиеуге қолдануға салынған тыйым туралы ақпаратын жоққа шығарды.

«Қазтеміртранс» АҚ вагондарын қолданғаны үшін тарифтерге жеңілдіктер бойынша және экспедиторлар бойынша тікелей келіссөздер үшін компания өкілдері Астанаға шақырылды. ҚТЖ-да өткен аталмыш кездесудің қорытындысы туралы ақпарат та ҰКП-ға жолданады.

Алматылық «Стинержи» кәсіпорнының өкілі Батыс Қазақстанға профтөсеніш тасымалдау және металл жабынқыш тасымалдау тарифіндегі бір жарым есе айырмашылықты айтып шағынды.

Оған Қанат Алпысбаев жағдайдың бірегей еместігін, және де осыған ұқсас түйткілдің Батыс Қазақстан нарығына өнім ұсынатын бірқатар кәсіпорындарда бар екенін айтып қарсы шықты. Ол Еуразиялық экономикалық одақта импорттық, экспорттық және ішкі тасымалдауларға темір жол тарифтерін сәйкестендіру салдарынан қалыптасқан. Енді тараптардың осы жеңілдіктерге ие болатын ресейлік өндірушілермен қазақстандық кәсіпорындардың қаншалықты бәсекелесе алатынын бірге бағалауы қажет. Кәсіпорын түйткілін УТК алу жолымен шешу ұсынылды, ол үшін өндіруші келіссөз жүргізу үшін ҚТЖ-ға шақырылды.

Ақтөбелік «Делдал» ЖШС компаниясының өкілі 2015 жылғы сәуір айында «Kazlogistics» Қазақстанның Көлікшілер одағы Төрағасының Орынбасары Юрий Лавриненко қатысуымен өткен өңірлік жиналыста кәсіпкерлердің ҚТЖ-ға вагондарды беру-жинау үшін жүгінгенін атады. Сонымен бірге бастапқы нүкте ретінде тікелей жүк станциясынан емес, Ақтөбе қаласы темір жол станциясы жолаушылар вокзалы орталығынан басталатын қашықтық алынған. Қанат Алпысбаев бұл мәселенің Ұлттық палатамен жұмыс аясында пысықталып жатқанын, және де практикалық шешімнің шілде-тамыз айларында жүзеге асырылатынын хабарлады.

Қостанай қаласы «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС өкілі УТК алудың ұзаққа созылатын және бюрократталған процедурасы жайлы ойымен бөлісті.

Оған ҰКП Басқарма Төрағасының Орынбасары Мейрамкүл Дүзбаева өңірлерден келетін УТК ұсыну әдіснамасын өзгерту мәселелері бойынша көптеген сауалдарды ҰКП Тариф белгілеу және бәсекелестік департаментінің пысықтайтынын, ал нақты жазбаша жауаптардың компания атына жолданатынын айтып өтті.

УТК ұсынудың қолданыстағы тәртібі туралы ҚТЖ филиалы – «Интеграцияландырылған жоспарлау дирекциясы» ЖШС директорының орынбасары Рахметолла Құдайбергенов егжей-тегжейлі айтып берді.

Қанат Алпысбаев оның баяндамасын толықтыра отырып, ҚТЖ-ның уақытша төмендетуші коэффициентті бекіту тәртібін түсіндіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізетінін мәлімдеді. Осылайша, Мемлекеттік қолдау жоспарына кірмеген кәсіпорындардың («Каустик» АҚ, «HILL» ЖШС, «ЕФК» ЖШС, «Майкубен Вест» ЖШС және басқ.) жеке жүгінулері бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ ҚТЖ нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмыстар аясында УТК ұсыну Ережесіне өзгертулер енгізу бастамасымен сөз алды. Олардың мақсаты УТК бекіту тәртібін жеңілдету және Ережені қолдану шартын нақтылау болып табылады.

Отырыс соңында Мейрамкүл Дүзбаева кәсіпкерлер атынан ҚТЖ басшылығына толғақты түйткілдері жайлы тікелей сауал қойып, нақты жауап алу мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтты.

Қанат Алпысбаев өз кезегінде осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізуді ұсынды. Келесі жиналыс бейнеконференция форматында тамыз-қыркүйек айында – жылыту кезеңі мен астық жинау маусымына даярлық қарсаңында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер