astana-view

«Буш сирағына» тыйым салынды

2015 жылғы 10 Маусым
7583 просмотров

Ресей АҚШ-тан Қазақстанға құс етін әкелуге тыйым салды

ҚазТАГ Ресей ауылшаруашылық қадағалау 10 маусымнан бастап АҚШ-тан Қазақстанға құс етін әкелуге тыйым салғанын хабарлайды. Ресейлік ведомство өз шешімін, ХЭБ ресми деректері бойынша, АҚШ-тың 17 штаты аумағында жоғары патогенді құс тұмауын (Н5N1, Н5N2 және Н5N8 кіші типтері) 157-ден астам жұқтыру ошағы тіркелгендігіне негіздеп отыр. АҚШ ауылшаруашылық департаменті дерегі бойынша, жойылған және өлген құс саны 33,3 млн басқа жеткен және көбейіп келеді.

Ресей ауылшаруашылық қадағалау осыны ескере отырып әрі сақтық принципі тұрғысынан 2014 жылғы 5 желтоқсаннан бастап Ресей аумағына АҚ кәсіпорындарынан құс еті мен қосалқы өнімдерін, сонымен қатар құс етінен жасалған дайын өнімді жеткізуге уақытша шектеу енгізді. Сонымен бірге, 2015 жылғы 26 мамырдан бастап Ресейге АҚШ-тың күллі аумағынан патогенді микрофлорасыз жұмыртқадан басқа тірі құс және инкубациялық жұмыртқа жеткізуге уақытша шектеулер қойылған болатын.

Ведомство сонымен бірге Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттерге аталмыш өнімді жеткізу кезінде осы мемлекеттермен шекаралас РФ субъектілерінде Ресей аумағында өткізу үшін іркіліп қалған жағдайларды да айта кетті. Ресей ауылшаруашылық қадағалау ЕАЭО мүше мемлекеттердің еркін экономикалық аймақ жағдайында шектеу шараларына қосылмауы халықты және Ресейдің мал шаруашылығы саласын қорғау талпынысын тиімсіздендіреді деп есептейді.

«Ресей ауылшаруашылық қадағалау кездесетін тәуекелдерді ескере отырып, Ресей Федерациясының аумағын аталмыш қауіпті аурудан қорғауға бағытталған қосымша шараларды қолдануға мәжбүр болады. Осыған байланысты, 2015 жылғы 10 маусымнан бастап Ресей Федерация аумағы арқылы АҚШ-тан келе жатқан, патогенді микрофлорасыз жұмыртқаны қоспағанда, тірі құс, құс шаруашылығы өнімдерін және инкубациялық жұмыртқаны алып өту тоқтатылады», — делініпті хабарламада.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер