astana-view

Start-up науқандарды қолдау және дамыту

2015 жылғы 16 Маусым
7813 просмотров

Биыл «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС гранттық қаржыландыруға ие болған 33 жобаға әкімшілік етеді.

Инновациялық жобаның талапшылдығы мен практикалық тұрғыдан жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін ғылыми-инновациялық процестің маңызды сатысы технологияларды коммерцияландыру болып табылады. Коммерцияландыру – бұл табыс алу мақсатында қолданылуы мүмкін білімді өнімге, қызметке немесе әрекетке айналдыру процесі.

2015 жылы гранттық бағдарлама қорытындысы бойынша 2015 жылы іріктеліп алынған жобаларды табыспен жүзеге асыру үшін, «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС қызметкерлері мынадай жұмыстар жүргізуде:

- грант алушылардың технологияларды коммерцияландыру дағдыларына оқыту,

- грант алушылардың зияткерлік меншікті қорғау саласындағы құзыреттіліктерін көтеру,

- технологиялар мен өнімдерді өркендету және әлеуетті инвесторларды іздеу,

- бірлескен зерттеулер, технологияларды лицензиялау жолымен технологияларды коммерцияландыру стратегиясын дайындау.

Коммерцияландыру жөніндегі менеджерлер «ТКО» ЖШС-да грант алушылармен жобаларды коммерцияландыруға қатысты тұрақты негізде кездесулер жүргізіп, телефонмен сөйлеседі және ресми хат алмасып тұрады.

Дүниежүзілік Банкпен бірге жобаны жүзеге асыру ғылыми зерттеулерді жүргізу және олардың зерттемелерін коммерцияландыру кезінде ғалымдар мен зерттеушілерге жәрдемдесу жолымен қамтамасыз етіледі.

Бүгінде аға ғылыми қызметкерлер мен кіші ғылыми қызметкерлер топтарына грант беру бағдарламасы жүзеге асырылады; Халықаралық ғылым және коммерцияландыру кеңесі жұмыс жасайды; Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің базасында Халықаралық материалтану орталығы құрылды.

Жобаларды гранттық қаржыландыру (1,5 млн АҚШ долларына дейін) зертханада технологияны дайындау идеясынан бастап оның дайын өнім немесе қызмет түрінде нарыққа шығарылғанға дейінгі күллі процесс үшін жеткілікті болып табылады.

Бес компания дайын өнімді алғаш сату және әзірленген технологиялар негізінде қызмет көрсету деңгейіне шығып та қойды. Сонымен қатар ғылым мен бизнес арасындағы байланысты дамыту бойынша Жобаның екінші құрамдасын жүзеге асыру үшін құрылған «ТКО» ЖШС гранттық бағларламасы жүзеге асырылуда. Тұжырымдаманы негіздеу және өнеркәсіптік прототип жасау сияқты екі жоба түрін қаржыландыруды болжайды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер