astana-view

Мемлекеттік сатып алу процедурасы кәсіпкерлер үшін жеңілдетілді

2015 жылғы 16 Маусым
8166 просмотров

Кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу кезінде біліктіліктерін растайтын құжаттарды үнемі ұсынып отырудан босатылды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 8 бабы 1, 2 және 3 тармақтарына сәйкес әлеуетті жеткізушілерге жалпы және арнайы біліктілік талаптары қойылады. Тауарлар, жұмыстар және қызметтердің әлеуетті жеткізушісі, аталмыш баптың 2 тармағында белгіленген жалпы біліктілік талаптарынан басқа, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылай және еңбек ресурстарына ие болу тұрғысынан арнайы біліктілік талабына сәйкес келуге тиіс.

Байқау құжаттамасын дайындауда және бекітуде қолданыстағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында белгіленгендерден басқа қосымша талаптар көзделмеген.

Сонымен қатар, ҚР ИДМ аталмыш заңның 6 бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу процедураларын жүзеге асыру кезінде әлеуетті жеткізушілер өтінімін мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулердің болу мәніне тексеріс жүргізеді (осы әлеуетті өнім берушінің басшылары және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының өкілі болып табылса, өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқығы жоқ).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер