astana-view

Юлия Якупбаева: «Бизнес үшін мөлшерлеменің төмендеу мүмкіндігі тікелей Ұлттық банкке байланысты»

2015 жылғы 25 Маусым
7589 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары жаңа заң жобасына түсінік берді

Бүгін Мәжілісте өткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева заң жобасына түсінік беріп кетті.

«Бірлесе отырып қаржыландыру мөлшерлемесін төмендетуге қалай да жұмыс жасау қажеттігі туралы ұсынысқа қатысты депуттарды қолдағымыз келеді. Бұл кәсіпкерлер көтеріп отырған және халықаралық сарапшылар растап отырған үлкен түйткіл», - деп атады ол. «Өндіруді 16% мөлшерлемесімен қаржыландыру (кредиттер – Ред.) – бұл утопия».

Юлия Якупбаева «белгілі бір уақыт кезеңдерінде мөлшерлеменің 20-25% дейін жеткенін, сол кезде, осы жылдың нарыз-сәуір айларында, өтімділікпен арада үлкен түйткіл туындағанын» еске салды. Сонымен қатар, Юлия Якупбаева «Атамекен» ҰКП Төралқасының Премьер-министр Кәсім Мәсімов қатысуымен өткен отырысы жайлы хабарлады. «40х60% қорландыру базасы бар екенін баян еттік. 40 % –  бұл жеке тұлғалар депозиттері, 60% – заңды тұлғалар депозиттері. Жеке тұлғалар депозиттерінде үстіміздегі жылдың 1 мамырына қарсы долларлану деңгейі 70% жетті», - деп атады «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

«Экономика долларлануының осындай деңгейінде қалай теңгемен крдиттей аламыз? Қолма-қол теңге өтімділігі бір жыл ішінде 25%-ға қысқарғанын түсінеміз, бұл нақты қолма қол ақша», - деп атады Юлия Якупбаева.

Юлия Якупбаева осыған байланысты «экономиканы дедолларлау механизмдерін бірлесе дайындау, валюталық қарыздарды хеджерлау нұсқаларын іздеу, экономикаға кіру үшін, өтімділікті көтеру қажет» екенін атап өтті.

«Бұл аса көлемді мәселе және депутаттармен бірге қандай да бір түрткі тауып, заңға сәйкес түзетулер енгізу мүмкіндігі пайда болады деп ойлаймын. Біз де бұған белсене қатысатын боламыз», - деді «Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі.

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер