astana-view

«Ақтау Теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы түркиялық инвесторлар қызығушылығын тудырып отыр

2015 жылғы 29 Маусым
8745 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Түркия Сауда палаталары және тауар биржалары Одағының өкілдерімен кездесу өтті

Ұйымдастырылған өнеркәсіп және технологиялық аймақтар корпорациясы басқарма төрағасы Ахмет Шекероглу атап өткендей, түркиялық тарап Шымкент, Қарағанды және Ақтау сияқты қазақтсандық қалаларды зерттеген.

«Түрік инвесторлары үшін Ақтау қаласы ең лайықты деп шештік. Жаңа жібек жолы жөніндегі Қытаймен жобаны ескерер болсақ, онда Ақтау ең лайықты аймақ», - деді түрік корпорациясының өкілі.

Түркиядан келген қонақтар «Атамекен» Ұлттық палатасымен ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді. «Егер дайын болсаңыздар, ынтымақтасатын боламыз. Өз ережелерімізге біраз өзгертулер енгізу керек. Ынтымақтастық үшін жобалар ұсынып, келісімге қол қоюға тиіспіз», - деп атады Ахмет Шекероглу.

Түрік сарапшысы «Атамекеннен» 2013 жылдан бері заңнамада орын алған өзгертулер бойынша ақпарат сұратты. ҰКП өкілдері оны ұсынуға уәде берді.

«Делегациямыз Түркияға түрік әріптестеріміздің тәжірибесін, сонымен қатар әлеуметтік экономикалық аймақтар құру және басқару мәселелеріндегі тәжірибесін егжей-тегжейлі зерттеу үшін кетті. Қазірде индустриялық аймақтар құруға салмақты назар аударып келеміз – бұл арнайы экономикалық аймақтарға қарағанда біршама басқаша нысан. Осы екі ұғымның негізгі айырмашылығы арнайы экономкалық аймақтардың нақты бағыттар үшін нақты мерзімде құрылуын және кәсіпкерлер үшін белгілі бір жеңілдіктер мен артықшылықтар жиынтығын болжайды», - деді ҰКП халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі атқарушы хатшысы Евгений Больгерт.

Ол 2013 жылдан бері заңнамаға жасалған өзгертулерге сәйкес Қазақстанда түрлі өңірлерде бірқатар индустриялық аймақтар құрылатыны көзделгенін атады.

«Индустриялық аймақтар – бұл өндірістік нысандар құруға арнап бөлінген аумақтар. Мемлекет инфрақұрылым бойынша міндеттемені өзіне алады. Әкімдіктер жеңілдікті шартпен жер телімдерін береді, сыртқы инфрақұрылымды қаржыландырады, және де аймақты басқару және оған инвесторлар тарту қажеттілігі туындайтын келесі сатының уақыты келеді», - деді ҰКП өкілі.

Евгений Больгерттің айтуынша, қазір Қазақстанның түрлі өңірлерінде шамамен 50 индустриялық аймақ құрылған, оның ішінде 10 аймақ біршама белсене іске кірісті.

«Бізге ұшырасқан түйткілдердің бірі – бұл индустриялық аймаққа инвесторлар тарту мәселелері және оның басқару мәселесі. Сондықтан да басқару тәжірибелеріңізге қызығушылығымыз туып отыр», - деді ол түркиялық әріптестеріне.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер