astana-view

Фармацевтердің жұмыс жағдайы жеңілдейді

2015 жылғы 03 Шілде
9294 просмотров

Фармацевтикалық өнімдерді тіркеу және қайта тіркеуді енді қысқа мерзімде іске асыруға болады

Бұл мерзімдерді қайта қарайтын нормалар қабылданғаннан кейін мүмкін болады. Осы мерзім бойында өнімнің елдегі фармацевтика нарығында болуының заңдылығы айқындалады.

Жақын арада Бірыңғай еуразиялық фармацевтикалық нарық құрылуы шамалануда, онда дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы өнімдер және медициналық техниканың халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа айналым шарттары реттемеленеді.

Осыған орай «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлік қоғамдастық, денсаулық сақтау министрлігі, Ұлттық дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы өнімдерді және медициналық техниканы сараптау орталығы  бірге дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы өнімдерді және медициналық техниканы сараптау және тіркеудің қолданыстағы тәртібін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізді.  

Талқылау барысында бизнес-құрылымдар өнімді тіркеу кезеңінде сараптау ұйымының өндірістерді тексеру жөніндегі мемлекеттік органдар қызметін қайталауын болдырмауды, кәсіпкерлердің өнім сараптамасына және тіркеуге кететін шығыстарын реттемелейтін нормаларды қайта қарауды, фармацевтикалық баламалылық негізінде генериктердің биоэквиваленттілігін орнату бойынша дамыған елдер тәжірибесін енгізуді ұсынды.

Сонымен қатар еліміздің фармацевтика нарығында өнімнің болу заңдылығы айқындалатын мерзімді қайта қарау туралы ұсыныс түсті.

Жоғарыда аталған түзетулер өнімді тіркеу және сараптау процедураларының ашықтығын көтеруге, фармацевтика секторындағы кәсіпкерліктің тиімді дамуына септеседі деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер