astana-view

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттары

2015 жылғы 03 Шілде
19605 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы туралы құжаттар пакетін жариялайды.

Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы жөніндегі келіссөздер үстіміздегі жылдың 22 маусымында аяқталды және Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы туралы құжаттар пакеті ресми қабылдау үшін ДСҰ Бас кеңесіне жіберілді. Осыған орай, Қазақстанның ДСҰ-ға кіру шарттары мақұлданған болып табылады және қайта қаралмайды.

2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан ДСҰ толық құқылы мүшесіне айналады деп жоспарлануда.

Ұлттық палата кәсіпкерлерді Қазақстанның ДСҰ алдындағы міндеттемелерін мұқият зерттеуге және халықаралық сауда жүргізудің жаңа шарттарына бейімделе бастауға үндейді.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Нұсұлтан Назарбаев атап өткендей, «ДСҰ-ға кіргеннен кейін отандық кәсіпорындарға жәрдемдесуден бас тартпаймыз. Енді мемлекет көрсететін қолдау шаралары халықаралық ережелерге сәйкес келуге тиіс».

Ұлттық палата Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет ДСҰ ережелеріне сәйкес отандық бизнесті қолдаудың барабар шараларын жасап шығарына сенімді.

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылуы туралы Марракеш келісіміне қосылғаны туралы Хаттама жобасы

Қазақстанның қосылуы жөніндегі жұмыс тобы Баяндамасының жобасы

Тауарлар бойынша шегінімдер мен міндеттемелер тізбесінің жобасы

Қызметтер саудасы жөніндегі айрықша міндеттемелер тізбесінің жобасы

Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы туралы қысқаша анықтамалық ақпарат


Еншілес ұйымдар

Серіктестер