astana-view

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі жатырмыз: мұның пайдасы бар ма, жоқ па?

2015 жылғы 03 Шілде
15085 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында екі сағат бойы «дөңгелек үстел» өтіп, онда ҚР экономикалық интеграция жөніндегі министрі Жанар Айтжанова отандық бизнесмендерге Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы шарттарды егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Соңғы кездері қазақстандық қоғамда жиі айтылып жүрген келіссөздердің жүргізілген мерзімінің ұзақ болуына қатысты (19 жыл!) мәселені еске сала отырып, Министр Қазақстан Республикасы жаһандық сауда клубына кіруге тиіс болған «шарттардың маңызды болғанын» түсіндірді. Мерзім ұзақтығының маңыздылығы жоқ еді. Ол сонымен бірге кейбір жайғасымдар бойынша келіссөздердің біршама қиын жағдайда жүргенін баса көрсетті. Бір айта кететіні, Жанар Айтжанова атап өткендей, елімізбен жүргізілген келіссөздер ұйымның басқа мүшелері арасында үлкен қызығушылық тудырған. Бұл 2010 жылы Қазақстанның Кеден одағы Тараптарының бірі болуынан, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістік қатысушысы, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі болуынан туындады.

ҚР экономикалық интеграция министрі атап өткендей, келіссөздер 4 басты бағыт бойынша өтті: жүйелік мәселелер, ауыл шаруашылығы, тауарлар және қызметтер нарығына қолжетімділік бойынша.

«Келіссөздер аясында жүйелік мәселелер бойынша валюта саясаты, техникалық реттеу, баға белгіленуі, кедендік-тарифтік және бейтарифтік саясат, әкімшілік етуден бастап, зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелеріне дейінгі Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі Жұмыс баяндамасы жобасының мәселелері талқыланды», - деп түсінік берді Жанар Айтжанова.

Сонымен, ДСҰ мүшелерімен ұзаққа созылған келіссөздер барысында қазақстандық тарап неге қол жеткізді?

Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр атап өткендей, ауылшаруашылығын қолдау жөніндегі келіссөздер біршама күрделі жүрді. Бірақ Қазақстан үшін ең басым бағыт болып табылады. Оның айтуынша, еліміздің 40 пайыздан астам халқы ауылдық жерде тұрып жатыр.

«Ақырында өнімге таңусыз ауыл шаруашылығы жалпы өнімінен 8,5 пайыз мөлшерінде ауыл шаруашылық саласын субсидиялау құқығына ие болдық, сонымен қатар «сары себет» аясында нақты бір ауылшаруашылық өнімінің жалпы құнынан 8,5 пайыз, яғни ауылшаруашылық өнімінің соңғы  бағасына тікелей әсерін тигізетін мемлекеттік дотация формаларын көрсету. Сонымен бірге саланың институционалдық дамуына бағытталған қолдау шаралары және ауылдағы инфрақұрылым құрылысы «сары себет» аясында шектеусіз ұсынылуы мүмкін», - деді қорытындылар туралы Жанар Айтжанова. Оның айтуынша, біршама төмен дамыған елдер болып табылмайтын елдер арасында тек Қазақстан және 2001 жылы қосылған Қытай 8,5 пайыз мөлшерінде «сары себет» аясында қолдау мүмкіндігіне қол жеткізді. мысалы, Ресей Федерациясы 5 пайызға ие болды.

Сонымен бірге мынадай маңызды тұсты айта кету керек. ДСҰ ережелері және қабылданған міндеттемелерге сәйкес, Қазақстан астық өндіршілерге көлік (экспорттау) субсидияларын ұсынбайды.

«Ауыл шаруашылық министрлігі субсидиялаудың қолданыстағы бағдарламаларында «ҚазАгро» ҰБХ АҚ даму институттары арқылы астық қоймалары құрылысы үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды көздеп отыр. Сонымен қатар ауылшаруашылық дақылдарын әртараптандыру ынталандырылады", - деп түсіндірді Жанар Айтжанова.

Отандық ауыл шаруашылық өндірушілер мен ауылшаруашылық қайта өңдеушілер үшін ҚҚС бойынша жеңілдіктер 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жойылуға тиіс. Осыған байланысты ДСҰ көзқарасы тұрғысынан легитимді ауылшаруашылық кәсіпорындарын қолдаудың баламалы шаралары дайындалады.

Келіссөз делегациясының басшысы Қазақстанның АЭА және еркін қоймалар аясындағы жеңілдіктердің күшін жою үшін 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін өтпелі кезең жайлы келіскенін хабарлады. Ол сонымен бірге мұндай шарттардың ЕАЭО туралы Шартқа қол қою кезінде де ескертілгенін атады. Оның ойынша, ДСҰ тұрғысынан, еліміздің осы режимде жұмыс жасайтын және артықшылықтар алатын АЭА және еркін қоймалар резиденттері үшін мемлекеттік қолдаудың баламалы, легитимді формаларын жасап шығу үшін осы уақыт жеткілікті.

«Қабылданған міндеттемелерге сәйкес АЭА қатысушылары мен 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген Қазақстанның еркін қоймалар иелері үшін кедендік жеңілдіктер 2017 жылғы 1 қаңтарда аяқталады.

Автомобиль өнеркәсібіндегі әрекеттегі келісімдерде қолданылатын тарифтік жеңілдіктер 2018 жылғы 1 шілдеде жойылуға тиіс», - деп қорытты Жанар Айтжанова.

ДСҰ-ға кірген соң экспорт және импортың орнын толтырумен байланысты барлық субсидияларға тыйым салынады.

Оның айтуынша, жер қойнауларының сатып алуларында қазақстандық мазмұн бойынша келіссөздер айтарлықтай ұзақ және күрделі болды.

Қазақстандық мазмұн талаптарында қазақстандық тауарларға сатып алулар жүргізу кезінде шартты жеңілдік түрінде қазақстандық тауарларға көрсетілетін артықшылықтар ДСҰ нормаларына қайшы келеді. «Қызметтер бойынша қазақстандық мазмұн тәжірибесін қолдану құқығын қалдырамыз», - дейді экономикалық интеграция істері жөніндегі министр.

Мемлекеттік сыңайлы сектордың сатып алуларындағы коммерциялық қайта сату немесе оларды коммерциялық сату мақсатында тауарлар өндіру және қызмет көрсету үшін қолдану мақсатындағы жергілікті мазмұн талаптары ДСҰ-ға кірген сәттен бастап күшін жояды, себебі бұл ДСҰ нормаларына қайшы келеді және ДСҰ тәжірибесінде мұндай жағдай орын алмаған.

Жанар Айтжанова Қазақстанның 10 қызмет секторы бойынша, сонымен бірге 112 кіші сектор бойынша (ДСҰ сыныптауышында көзделген 155 кіші сектордан) міндеттемені өз мойнына алғанын атап өтті, соның ішінде телекоммуникациялар, сақтандыру, банк қызметтері, көлік, туризм, сауда және басқа да салада.

Қазақстан сонымен қатар техникалық реттеу, сондай-ақ санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық реттеу жүйесінің ДСҰ ережесіне сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттемелерді қабылдады.

Жанар Айтжанова сондай-ақ белгілі бір салалардағы белгілі бір жеңілдіктердің күші жойылуына қарамастан, Үкіметтің «Атамекен» ҰКП және Бизнес-қоғамдастықпен ДСҰ рұқсат етілген қолдаудың құқық тұрғысынан легитимді баламалы шараларын дайындау бойынша бірлескен жұмысты жалғастырмақшы.

Бизнес-қоғамдастық өкілдері Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру аясындағы келісулерге оң баға беріп, министрге жасалған жұмыстар үшін алғыс айтты.

Жанар Айтжанова сондай-ақ еліміздегі бизнес-қоғамдастық өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев атап өткендей, Қазақстанның ДСҰ-ға кіргені туралы Шарт мәтіні жақында Палата сайтына қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады – www.palata.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер