astana-view

ЕАЭО АЯСЫНДА ЭКСПОРТТАУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТТАРЫН ДАЙЫНДАУ ҚАЖЕТ – ЮЛИЯ ЯКУПБАЕВА

2018 жылғы 26 Қазан
7358 просмотров

«Атамекен» алаңында қазақстандық тауарлар экспортын ілгерілету және қолдау құралдарын жетілдіру мүмкіндіктері талқыланды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның төрағалығымен бизнес-қауымдастық, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Отырыс барысында қолданыстағы қолдау құралдарының тиімділігі, қазақстандық тауарларды шетелдік нарықтарға жылжытудағы кедергілер, экспортты қолдау тетіктері мен құралдарын жетілдіру мүмкіндіктері талқыланды.

Юлия Якупбаева ЕАЭО Іскерлік кеңесі аясында шетелдік нарықтарға экспортты кеңейтуге ЕАЭО мүше-мемлекеттердің өндірушілеріне жәрдемдесу бойынша диалог құру мәселесі белсенді талқыланатынын атап өтті.

Осындай мақсатпен өткен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің отырысында үшінші елдерге экспортқа жәрдемдесудің маңыздылығын атап өтіп, жоғары экспорттық әлеуеті бар ЕАЭО өндіретін тауарлар тізімін қалыптастыруда тиісті шешімдер қабылданған.

Сондай-ақ күн тәртібіндегі цифрлық мәселелерді кеңейту, оның шеңберінде тауарлар мен өндірушілердің тізілімін құру, өндірілетін өнімнің каталогын қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Таңбалау бойынша бірыңғай платформаға және зертханалық практиканың халықаралық стандарттарына көшу мәселелері көтеріледі.

Өз кезегінде бизнес экспортты жылжыту  бағытында жауыр болған тақырыптарды атап өтті.

«2017 жылы ҚХР-ға 1450 жеңіл автокөлік экспортталды. Сонымен қатар, Қытайға экспорттау кезінде кедендік баж салығы бар, ол 67% құрайды. Өз автокөліктеріңізді Қытай нарығына экспорттау үшін біз олардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификатын алуымыз керек. Экспорттық партияның тәжірибесі бойынша автомобильдің бір түрін сертификаттау шамамен 1 млн.долларды құрайды. Сондай - ақ, біздің алдымызда өнімнің өзіндік құнына салынатын және бәсекеге қабілеттілікке әсер ететін логистикалық шығыстар тұр», - деді Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағының өкілі Серік Рахимов.

Қазақстанның астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган экспортты қолдаудың қолданыстағы құралдарын жүйеге келтіру қажеттігі туралы пікірін білдірді.

«Егер бізде ескі механизм жұмыс істемесе, неге жаңа механизм ойлап табу керек. Бізде ҚҚС қайтару сияқты экспорттаушыларды қолдаудың тиімді тетігі жұмыс істемейді», - деді спикер.

ҚР ҰЭМ өкілі атап өткендей, негізгі проблема- экспортшылардың шығындары мен оларға қызықты елдердің нарықтарын талдау бөлігінде ақпараттандыру жеткіліксіз.

Өкінішке қарай, мемлекет бөлген ақша шектеулі, сондай-ақ ДСҰ міндеттемелері шеңберінде тыйым салынған шаралар бар.

«Атамекен» ҚР ҰКП өнеркәсіп және бәсекеге қабілеттілік департаментінің өкілі Данияр Бабажанов экспорттаушыларға арналған талдау платформасын әзірлеу мен іске қосу жоспарланғанын хабарлады. Сондай-ақ, ИИДМБ аясында өнеркәсіптің мемлекеттік ақпараттық жүйесі платформасын қарастыратын өнеркәсіптік даму орталығы құрылуда, ол сондай-ақ үшінші елдердің кедергілері, логистикасы және талаптары бойынша экспорттаушыларға ақпарат берілетін болады, деді Данияр Бабажанов.

Кеңес барысында Одаққа мүше мемлекеттерде тауарларды таңбалауды енгізу мәселелері және ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес Қазақстанда тиісті зертханалық тәжірибені дамыту мәселелері талқыланды.

Юлия Якупбаева ЕАЭО мүше мемлекеттерде тауарлардың кең номенклатурасын таңбалауды енгізу мәселелері белсенді пысықталатынын айтты.

«Біздің көршілеріміз тауарларды таңбалауда бірқатар пилоттық жобаларды іске асыруды бастады. Және бизнес қазірдің өзінде айтарлықтай маңызды мәселелердің бар екендігі туралы белгі береді. Осыған байланысты, таңбалау сияқты қымбат жобаны енгізер алдында реттеушілік әсерге талдау жүргізіп, ЕАЭО аумағында міндетті таңбалауды енгізбестен бұрын пилоттық жобаларды жүргізуді қарастыру қажет деп санаймыз», - деді Юлия Якупбаева. - Сондай-ақ ЕЭК алаңында ЭЫДҰ стандарттарын әзірленіп жатқан құжаттарға енгізу мәселесі көтеріледі, олардың арасында тиісті зертханалық тәжірибені енгізу мәселелері және экспорт бойынша серіктестерді зерттеуді тану мәселелері қарастырылады. Ресейде, мысалы, 11 зертхана бар, оның 4-уі GLP бойынша аккредиттелген».

Таңбалау бойынша бірыңғай платформаға көшу жөніндегі ұсыныстар және зертханалық практика бойынша халықаралық стандарттар бизнес үшін пайда әкелгенімен, сондай-ақ қосымша кедергілер тудыра алады.

«Бір жағынан, зертханалық зерттеулерге бөлінетін қаражаттың елде қалуы тиімді, екінші жағынан осы стандарттарды енгізу үшін уақыт пен қосымша ынталандыру қажет», - деді Юлия Якупбаева.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар көтерілген әрбір мәселені нақты талқылауға, экспортты жылжыту мәселелерін, оның ішінде екі жақты келісімдер шеңберінде әріптес елдермен үкіметаралық комиссиялардың алаңдарын пайдалана отырып, барынша пысықтау және еркін сауда аймақтары жөнінде келісімдер жасасуды талқылауға және келіссөздерге белсенді қатысуға келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер