astana-view

Біздікілер мықты!

2015 жылғы 07 Шілде
- Павлодар облысы
15836 просмотров

Якутияда өткен «Қымыз – қасиетті сусын» халықаралық байқауында Павлодар облысынан барған «Сағып» Шаруа қожалығы үшінші орынға ие болды.

Байқауға Қырғызстан, Моңғолия, Башқұртстан және Тыва елдерінен келген қымыз өндірушілер, сонымен қатар жергілікті шаруашылықтар қатысты.

Қымыз өндірушілер арасындағы байқау «Ысыаха Туймаады» (Саха елінің ақ түсті берекесінің Қасиетті күні) республикалық ұлттық мерекесінің аясында өтті. Биылғы жылы мереке Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына, бейбітшілік пен ынтымақтастық, ұрпақтар сабақтастығына арналды.

«Сағып» ШҚ бөтелкедегі қымыз өндіретін облыстағы жалғыз кәсіпорын болып табылады. ШҚ басшысы Төлеу Күшманова өндірісін «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында алған банк қарызының арқасында ашқан болатын. Кәсіпкер бұл қаражатқа өндірістік базадан тұратын қымыз фермасын тұрғызды, қымыз өндірісі үшін де, мал ұстауға да қажет жабдықпен жарақтандырды. Бүгінде фермада 180 бие бар.

Тибет медицинасы, биология ғылымдарының докторларынан тұрған халықаралық қазылар алқасы іс-шараның басты сусынын 5 балдық жүйемен бағалап, Ысыахе Туймаады мерекесінде жария етті.

«Мұндай байқау өткізілетіні туралы бір апта бұрын ғана естідік те, өтінім беріп, шақыруға ие болдық. Шалғайдағы Якутияға, Ус Хатын аңғарына қымызымызды, оны құятын ұлттық ыдысты алып жеттік. Елімізді жалғыз біз ғана таныттық, сондықтан да лайықты көрінуге тырыстық. Қолымыздан келді деп ойлаймын», - дейді кәсіпкер Төлеу Күшманова.

Бір айта кететіні, бірінші орынды Моңғолиядан келген «Мон Хангай Групп» ауыл шаруашылығы, екінші орынды Саха Республикасы Намск ұлысының «Кымысчыт» шаруа қожалығы иеленді.

Бүгін Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен кәсіпкердің субсидиясы ұзартылып, жылқы сатып алуға «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қосымша қаржылай қаражат бөлу жоспарланып отыр.


Ұқсас жаңалықтар:

Жастар ауылдан кетіп қалмасын
7 Қазан
2015
Павлодар облысы
«Ақсуаттың» жоспары көп
2 Қыркүйек
2015
Батыс Қазақстан облысы
Майдандасудан – мәмілелесуге
13 Тамыз
2015
Жетісу облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер