astana-view

«KAZNEX INVEST»: жаңа мүмкіндіктер

2015 жылғы 07 Шілде
13026 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ 49% акциясына ие болды

2015 жылғы 25 маусымда ҰКП және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» Акционерлік қоғамының 49% акциясын кейіннен сатып алу құқығынсыз ҰКП сенімгерлік басқаруына беру туралы шартқа қол қойды.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңында Палатаның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, сыртқы экономикалық қызметті дамыту, инвестициялар тарту саласындағы бірқатар функциялары көзделген.

Атап айтқанда, бұл экспортты дамыту және өркендету жүйесі операторының функциялары, іскерлік кеңестер құру мүмкіндігі (шетелдік ұйымдармен бірге), Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде өткізілетін халықаралық көрмелер тізілімін жүргізу, халықаралық маркетинг, отандық тауар өндірушілерді жарнамалық қолдау, өзге де консультациялық қызметтер.

«KAZNEX  INVEST» АҚ акциялар пакетін сенімгерлікпен басқару компанияның бизнес-қоғамдастық сұрауларына уақытында жауап қатуы үшін жағдай жасауда алға қадам жасауына мүмкіндік береді.

Бұл отандық тауарлар мен қызметтер экспортын өркендету жөніндегі шаралар тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді, шетелдік инвесторларды тарту және шетелдік инвесторларды іздеу, Қазақстанды халықаралық нарықтағы инвестициялардың тиімді нысаны ретінде өркендету бойынша, еліміздің инвестициялық имиджін нығайту бойынша жұмысты, сонымен қатар арнайы экономикалық аймақтар дамуын белсендіреді.

«KAZNEX INVEST» АҚ қалған 51% акциясын иемдену және қолдану құқығы бұрынғыша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінде қала береді.

Акциялар пакетін сенімгерлікпен басқаруға алу процедурасын ҰКП құқықтық қамсыздандыру департаменті сүйемелдеді.

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ 2010 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 және 2007 жылдардағы шикізаттық емес экспортты сервистік қолдау институтын құру қажеттігі жайлы жолдауын орындау үшін, «KAZNEX» экспортты дамыту және өркендету жөніндегі корпорациясы базасында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі шешімімен құрылған.

«NADLoC» Жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ және «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ қатысу үлесін ҰКП сенімгерлікпен басқаруына беру осы жылдың ақпан айында жасалған ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Ұлттық палата арасында жасалған келісіммен бекітілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер