astana-view

Қазақстандық фармация қалай күн көреді?

2015 жылғы 10 Шілде
12736 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен Фармацевтика, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитетінің кезекті отырысында жаңа жағдайлардағы қазақстандық фармацевтикалық компаниялардың болашағы басты талқылау тақырыбына айналды.

Қазақстандық фармацевтика саласын Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында дамытуға даярлау оңай мәселе емес. ЕАЭО аумағында ортақ формацевтикалық нарық қызмет ете бастағанға дейін Қазақстанға берілген мерзімнің қысқалығына орай (2016 жылғы қаңтар айы) Еуразиялық экономикалық комиссия нормативтік құқықтық актілері жобаларын дайындау процесіне бизнес-құрылымдарды тарту тақырыбы өзектенуде. Аталмыш жұмыс нәтижелері қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, отандық фармацевтика кәсіпорындарының жайғасымдарын күшейтуге және ортақ фармацевтика нарығында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге септесуге тиіс.

Отырыста Ұлттық палата Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаевтың тапсырмасымен дайындалған Комитеттің 2015 жылға арналған фармацевтика, медицина өнеркәсібінің және медициналық қызмет көрсету саласының бәсекеге қабілеттілігін көтеру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуы талқыланды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі жүйесіндегі фармацевтикалық өнім бағасының қалыптасу әдістемесін жетілдіру мәселелері ерекше белсенді түрде талқыланғаны аталды. Салалық қауымдастықтарға отандық өндірушілер өнімінің сапасын қамтамасыз ету бойынша шараларды қоса алғанда өз ұсыныстарын беру нұсқалды.

Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева фармацевтикалық өндірушілердің өнім сапасын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жауапкершілігін көтеру қажеттігі туралы мәселені көтерді. Комитет мүшелері қолданыстағы заңнамаға бірқатар түзетулер енгізуді қолдады. Атап айтқанда, бұл нысанның GMP, GDP және GРP талаптарына сәйкестігі туралы сертификаты бар дәріханалық көтерме-бөлшек желілер компанияларына медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясындағы шарттар жасасуға басым құқық беруге қатысты болды.

Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптің басым инвестициялық жобаларын іріктеу бойынша жұмыс жалғасуда. Осыған байланысты аккредиттелген салалық қауымдастықтарға статистикалық деректерді өзектендіріп, ағымдағы экономикалық жағдайды айқындау үшін өндірістік компаниялар арасында сауалнама жүргізуде өңірлік кәсіпкерлер палаталарына жәрдем көрсету ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер