astana-view

Жол дауы

2015 жылғы 13 Шілде
12848 просмотров

Астанада тасымалдаушы автопарктер мен қала билігі арасында көлемді қақтығыс пісіп-жетілді

Елордадағы жолаушылар тасымалы әскери қимыл театрын еске салады. Монополистердің жарияланбаған соғысының кезекті құрбаны қалалықтарға №7 автопарк деген атаумен таныс «Темір Тұлпар НТ» ЖШС болды. Бағыттарды бөлу саласындағы саясатқа келіспегені үшін Астана қаласы Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы кәсіпорынмен бағыттарға қызмет көрсету шартын бұзды. Компанияның жазығы неде?

Бәрі бірнеше жыл бұрын, қазақстандық басшылықтың экологиялық таза технологияларды белсенді түрде енгізу үндеуіне жауап қата отырып, француздық-италиялық «Iveco» фирмасы Астанаға жолаушылар автобусының ірі партиясын ұсынғанда басталған еді. Аталмыш автобустар мотор конструкциясына сәл өзгеріс енгізгенде сығылған метанмен жұмыс жасай алар еді. Дәл осы кезеңде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ЭКСПО-2017 идеясынан шабыт алып, Қарағанды алабының көмір шахталарында жиналып қалған метан газын экологиялық таза отын ретінде қолдану идеясын белсене алға тартқан еді. Болашақ жоба үшін француздармен келісімге қол қойылады.

Көп өтпей метанды өндіру және өнеркәсіптік қолданудың соншалықты оңай шаруа емес екені және 2017 жылға дейін жүзеге асырылуы екіталай екені белгілі болады. Содан «Iveco» компаниясы қазақстандық тарапқа әдеттегі дизельді отынмен жүретін автобустарды жібереді. Ақырында елордалық билік оларды сатып алуға мәжбүр болады. Бірақ қазынаға ақшаны қалай да қайтару керек.

Мәселеден шығар жол да табыла кетеді. Олар Астана парктерінің жолаушылар көлігін жаңартуы қажет деп, автобустарды сатып алуға міндеттейді. Басында «автобусшылар» үзілді-кесілді қарсы шығады, және де жолаушылар көлігі кәсіпорындарының бір бөлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан қолдау сұрап келді. Палата осы жылдың қаңтар айында Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің шұғыл отырысын өткізеді.

Елордалық жолаушылар тасымалы нарығының кейбір жай-жапсары осы жерде анықталады. ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко ерекше хабарламаны жеткізді. Оның ойынша, елордада нарықты монополиялау жүріп жатыр. «Астана LRT» ЖШС. Астана әкімдігінің 100% қатысуымен құрылған аталмыш кәсіпорын (және де оған белгісіз себептермен кейбір мемлекеттік басқару функциялары берілген) автобус бағыттарына өз еркімен иелік етіп, автопарктердің шаруашылық қызметіне араласады. Қоғамдық мониторинг нәтижесінде көлік басқармасы мен жеке меншік автопарктер арасындағы қарым-қатынаста түйткілдер анықталады.

«Біріншісі – бұл бағыттарға қызмет көрсету құқығына келісімшарттарды негізсіз бұзу. Екіншісі – тасымалдаушыларды «Астана LRT» ЖШС Біліктілік орталығы қызметтерін қолдануға мәжбүрлеу. Үшіншісі, «Астана LRT» ЖШС диспетчерлік ету жөніндегі қызметі құнының жоғарылығы – тасымалдаушылар ай сайын аталмыш ұйымға бағыттарға қызмет көрсету үшін шамамен 30 миллион теңге төлеп отырады», - деп мәлімдеді ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко.

Сонымен қатар, департамент директорының айтуынша, Астана қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автопарктердің «Iveco» француз таңбасынан басқа автобустарды сатып алуына тыйым салады және оны сол баяғы… «Астана LRT» ЖШС сатады.

«Электронды билеттерді енгізуге кедергі жасау байқалады. Тасымалдаушылар арасында ақша бөлуді есептеудің жаңа әдістемесі таңылуда. Ал Астананың жолаушылар тасымалы нарығында жалған жол жүру билеттері көбейіп кеткен. Және де, соңғысы, Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бақылау функцияларын ведомстволық бағынысты ұйым «Астана LRT» ЖШС-ға беру – бірде-бір облыста мұндай бұзушылық орын алмаған!», - деп көрсетті ҚР ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко.

«Жалпы, құрылтайшысы әкімдік болып табылатын «Астана LRT» ЖШС тұлғасында бәсекелес ортадағы мемлекеттік қатысу үлесінің көлемді түрде ұлғаюын көріп отырмых», - деп мәлімдеді заңгер.

Көлік басқармасының талап етуімен қаланың жеке меншік автопарктері Астана бағыттарында қызмет жасайтын автобустарды сатып алуға кредит алғаны анықталды. Кәсіпорындар иелері сонымен бірге өз компанияларының мүлкін де, жеке пәтерлерін де кепілдікке қойған екен.

Сатып алудан бас тартқан компанияларға жолаушылар көлігі басқармасы тарапынан кедергілер жасалған. Атап айтқанда, «Темір Тұлпар НТ» ЖШС. Осыған дейін аз уақыт бұрын компания кредит қаражаты есебінен белорустық «МАЗ» автобустарының ірі партиясын сатып алған болатын, және де жаңадан сатып алу кәсіпорын жоспарына мүлдем жанасқан жоқ.

- Басқарма мамыр айының соңында барлық автобус парктеріне олармен жолаушыларға қызмет көрсету келісімшарттарын бұзатыны жайлы хабарлама жібереді, - деп бөлісті «Темір Тұлпар НТ» ЖШС заңгері Гүлмира Аналбаева. – Негіздеме: жолаушылардан келіп түскен қызмет көрсетуге жасалған шағымдар. Өзіміздің заңды құқығымыз бен мүддемізді қорғау үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен қалалық прокуратураға жүгіндік. Ақырында хабарлама заңсыз деп күшін жойды. Бірақ 15 маусымда Басқарма дәл сондай мазмұндағы хабарлама хатты қайтадан жолдады.

40, 50 және 46 сияқты үш бағытпен қызмет көрсету келісімшарттарын бұзу компанияның қаржылық қызметіне берілген дәл соққы болды. Сонымен бірге №7 автопарк қызмет көрсететін бес бағыт желісінің үшеуін ерекше жеделдікпен 30 маусымда өткен тендерге шығарады.

- Бізге банкроттықтан басқа ештеңе қалған жоқ! – деп есептейді  «Темір Тұлпар НТ» ЖШС директорының орынбасары Жомарт Молдахметов. – Автопаркті жаңартуға алынған кредит бойынша қарызымыз 326 млн теңгені құрайды. Ай сайын 18 млн теңгеден төлейміз. Аталмыш бағыттардың қызметін бір айға ғана доғарудың өзі жетіп жатыр, қызметкерлерді қысқарту қажеттілігі туындайды –жүргізушілер, кондукторлар, слесарьлар мен басқа да жұмысшылардың шамамен 300-ге жуық отбасы тіршілік көзінен айрылады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдаған компанияның ресми қарсылығына қарамастан, тендер бәрібір өткізілді. «Темір Тұлпар НТ» ЖШС экономикалық сотта Басқарма әрекетіне қарсы шықты. Алайда… 11 шілдеде №7 автопарк жария түрде жазаланды: бір топ жол полияциясы инспекторлары  автобустардың нөмірлері мен бағыт жазылған тақталарын алып тастады. Негіздеме – Қалалық жолаушылар көлігі басқармасының шешімі. Бұл елордалық билік құрылымының сот төрелігіне қатынасының ашық көрінісі еді.

Қақтығыстың қалған қатысушылары не істеді? Ашық көздерден белгілі болғаны - «Астана LRT» ЖШС сатып алған 250 «Iveco» француз автобусының 105-ін  №1 автопарк сатып алған, 57- №4 автопарк және 29 – №2 автопарк.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Темір Тұлпар НТ» ЖШС оқиғасын бақылауына алды және кәсіпкерлердің аяққа тапталған құқығын соңына дейін қорғауға дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер