astana-view

Бірге жұмыс жасаймыз

2015 жылғы 16 Шілде
9354 просмотров

«KAZNEX INVEST» Басқарма Төрағасы Борисбий Жангуразов агенттіктің 49% акциясының «Атамекен» Ұлттық палатасына берілуіне түсінік берді

25 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Атамекенге» "Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің 49% акциясын Палатаның кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруына беру туралы шартқа қол қойғаны белгілі.

«Біздің Агенттік инвестициялар тарту, экспортты өркендету және АЭА аумағында бизнес жүргізу үшін инфрақұрылым құрылуы жағынан кәсіпкерлікке жәрдем көрсетуге арналғандықтан, бұны жағымды тұс деп ойлаймыз, себебі ҰКП күллі қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың өкілі болып табылады. Біздің ойымызша, ҰКП өкілдері «KAZNEX INVESТ» АҚ басқаруда ағымдағы сәтте бизнеске қажет дүние жайлы нақты түсінік береді. Олар Қазақстандағы бизнес-процестерге қосымша сараптама әкеле алады, сонымен қатар біз тікелей шетелдік инвестициялар тартқан жағдайда, олар біздің ірі инвестициялық жобалар үшін жергілікті серіктестерді табуымызға көмектесе алады», - деп атайды KAZNEX INVEST Басқарма Төрағасы Борисбий Жангуразов.

KAZNEX INVEST Басқарма Төрағасының түсінігі «Facebook» әлеуметтік желісіндегі National Export and Investment Agency "Kaznex Invest" парақшасында таратылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер