astana-view

Қорғас арқылы «Жібек жолы» бойымен

2015 жылғы 16 Шілде
10481 просмотров

Қазақстандық-қытайлық сауда ынтымақтастығы нығаюда: тараптар тиімділікті көтеруге келісті

Қытай мен Қазақстанның экономикалық әрекеттестігі күллі орта-азиялық өңірді дамытуда маңызды роль ойнайды, себебі соңғы жиырма жылда Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы шекара маңы ынтымақтастығы сауда-экономикалық ынымақтастықты жүзеге асырудың ықпалды да маңызды формаларының біріне, шекарадағы тұрақтылық факторына, екі мемлекет халқының өмір сүру деңгейін көтеру көзіне айналуда.

15 шілдеде «Қорғас» Шекара маңы Ынтымақтастығы Халықаралық Орталығының аумағында Іскерлік Кеңес құрылуына орайластырылған форум өтті. Форумды Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы «Қорғас» ШЫХО АҚ-мен бірге қазақстандық тараптан Панфилов ауданының әкімдігі қолдауымен және қытайлық тараптан Қорғас қаласының Халықтық Үкіметі, Қорғас АЭА Әкімшілік комитеті «Дунфан Цзинсю» сауда-көрме орталығының жәрдемімен ұйымдастырды.

Іскерлік Кеңес құру туралы шешім сәл бұрын Қазақстандағы ҚХР Бас консулы Чжан Вэй мырзамен кездесу кезінде қабылданған болатын. Қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлер форум барысында тәжірибелерімен бөлісіп, бұл ҚОРҒАС ШЫХО аумағында және одан тыс жерлерде отандық және қытайлық компаниялардың әрекеттестігіне бастау болды.

Екі тарап өкілдері екі ел аумағында ұйымдастырылатын жобаларды, сонымен қатар облыстардың басымдылықты бағыттарын және шекара маңы аумағындағы әрекеттестік процедураларын талқыға салды.

Қорғас ШЫХО дамыған инфрақұрылымы оның аумағында бірлескен жобалардың көпшілігінің жүзеге асырылып қойғанынан хабар береді. Алайда бұл екі елдің сауда-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге сеп болатын басқа да көптеген жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Форум қатысушыларының ойынша, нарықтағы қазақстандық-қытайлық тауарлар мен қызметтерді қолдаудың заманауи құралдары сәйкес мемлекеттер кәсіпкерлерін тартуға қабілетті.   

- Форум форматы қатысушылардың Ұлы жібек жолы бойымен ұлы сауданы қайта қалпына келтіру аясындағы елдердің әрекеттестігі мүмкіндіктері жайлы көбірек ақпарат беруіне сеп болды.  Қорғас қаласының Халықтық үкіметі бастап келген қытайлық тарап өкілдеріне сонымен қатар инвестициялық жобалар ұсынылды, - деп атады форум ұйымдастырушыларының бірі Зарина Жансеркеева. 

Күннің екінші жартысында қатысушылар мен форум делегаттары аумағында жәрмеңке ұйымдастырылған «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында болып қайтты. Сол жерде қытайлық тараптан жеңілдікті шарттармен ұсынылатын қазақстандық кәсіпкерлерге арналған сауда алаңдары таныстырылды.

Аталмыш сапар барысында қол жеткізілген нәтижелер екі жақты ынтымақтастықтың қосымша дамуына қуатты серпін беріп, Қытай мен Қазақстан арасындағы қатынастың жаңа парағын ашары сөзсіз.

Наталья Нұрланова, Алматы облысы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер