astana-view

Шын жүректен

2015 жылғы 22 Шілде
- Қызылорда облысы
12878 просмотров

Қазақстанда қоғамның әлеуметтік түйткілдеріне бей-жай қарай алмайтын және оларды шешуге талпынатын бизнесмендер қатары артып, өсіп келеді

Қызылорда облысы Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі-кәсіпкер Сейітқали Алшынбаевтың қызметі Қызылорда облысында әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын бір үлгісіне айналды. Ол жеке қаражатына 860 орындық үш балабақша, сондай-ақ бір жалпы білім беретін мектеп тұрғызды.

«Бүгінгі күні 360, 320 және 180 орындық үш балабақша тұрғыздық. Қазір онда 860 бала тәрбиеленіп жатыр. Сонымен қатар 300 адам жұмыспен қамтылды. Бізді ешкім міндеттеген жоқ. Осының бәрін көріну үшін емес, ерікті түрде, шын жүректен, балалар үшін жасадым», - дейді кәсіпкер Сейітқали Алшынбаев.

Балалар мекемелері барлық заманауи талаптарға сәйкес салынды және сапалы білім алуға қажет жарақтармен жабдықталған.

«Балабақша ашу – бұл бизнес емес. Мұны өзімнің азаматтық борышым деп білемін. Және де әркім өзінің туған жеріне қызмет етуге тиіс деп ойлаймын. Екі жыл бойы білім беру саласына 1 млрд теңгеден астам сома салдым. Егер бұл қаражатты басқа нәрсеге салған болсам, мәселен, мұнай саласына, баяғыда жақсы табыс табар едім. Бірақ мұның еліміз үшін, балаларымыз үшін қажет екенін түсінемін», - деп есептейді Сейітқали Алшынбаев.


Ұқсас жаңалықтар:

Кәсіпкерлерге арналған «бір терезе»
8 Қыркүйек
2015
Шымкент қаласы
Балаларға арналған сарай
21 Шілде
2015
Ақтөбе облысы
Балалар бақшасы
27 Маусым
2015
Шымкент қаласы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер