astana-view

«Сауда қозғалтқышы» ойламаған кедергілерге ұшырауда

2015 жылғы 24 Шілде
- Қостанай облысы
13627 просмотров

Қостанайлық фирмалар «көлік құралдарындағы жарнама» сияқты ұғымды заң жүзінде алып тастауды ұсынады

Шетсіз-шексіз бюрократия кесірінен жарнаманың осы түріне рұқсат алу мүмкін болмай отыр. Процедура күтілетін әсерден әлдеқайда қымбатқа түсуде. Бұл Кәсіпкерлер палатасының қолдау көрсеткен бастамалардың бірі ғана.

Қостанай облысындағы «сауда қозғалтқышы» механизмінің жүйелік іркілістерге ұшырап отыратынына бизнесмендер талай рет шағымданған еді. Алайда таяу араға дейін оның үздіксіз жұмыс жасауын жөнге салу үшін, заңнамалық тетіктер жетіспеген еді. Бұл саладағы ойын ережесін жергілікті жерде, сәулет және жер қатынастары бөлімдері белгілейді. Осы күнге дейін орталық деңгейде бизнестің мұң-мұқтажына құлақ салып, оны жөнге салатын уәкілетті орган болған жоқ. 

«Атамекен» ҚР ҰКП алға тартқан ұстанымы 2015 жылғы наурыз айынан бастап жарнама саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру жөніндегі функциялар Ұлттық экономика министрлігіне бекітілуіне алып келді. Демек, осы саладағы жағдайды жақсартуға қабілетті өзгерістер Үкімет деңгейіндегі нақты нормативтік құжаттар сұлбасына ие болуы мүмкін.

Қостанайлық бизнес күтіп отырған өзгерістер баршылық. Жарнама компаниялары үшін бас ауруы шенеуніктердің жарнама конструкцияларын орналастыруға рұқсат беретін бір жылдық мерзімі болып табылады. Бизнесмендер әрбір жаңа жылда сол баяғы бюрократиялық шеңберді айналып шығуға мәжбүр болады.

«Кәсіпкер сол баяғы құжаттар пакетін қайта-қайта жинай береді. Жалдау шарттары, күндізгі және түнгі уақыттағы конструкция эскизі және т.б. Жарнамаға учаске жалдау да тура солай. Бір жыл — бұл тым аз. Облыстық пркуратура қолдаумыен рұқсаттың ең құрымаса екі жылға берілуіне қол жеткіздік. Қазірде мерзімнің кейін ұзартылу мүмкіндігімен бес жылға берілуіне қол жеткізбекшіміз», - дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы құқықтық қолдау бөлімінің бастығы Ренат Давлетпаев.

Көліктегі жарнама тұтынушылардың кең көлеміне ақпаратты жеткізудің күллі әлем бойынша ең тиімді әрі танымал әдісі болып табылады. Заң жүзінде ол автоның жалпы ауданынан кем дегенде 40% жерді ғана алып тұруға тиіс. Бірақ жазбалар кабинада емес, кузовта жазылғанда жүк көліктерін қайтеміз? Көлікті сәйкестендіруге бөгет жасайтын түс те, басқа да сипаттамалар да өзгертілмейді. Кейде тіпті ненің жарнама екені, ненің жай нәрсе екенін түсіну қиын боп жатады.

«Бақылау органдарының наразылығы тек қана эвакуатор машинасында «эвакуатор» сөзі жазылып тұрғаны үшін туындап жататын кездер де бар. Не болмаса балмұздақ толы контейнерде нақты сауда таңбасы мен оның сапа басымдылықтары көрсетілместен «балмұздақ» деп жазылып тұрса. Осындай ерекшеліктерді реттемелегеніміз маңызды, себебі көбінесе бизнеске жарнаманы мүлдем мағынасыз түсіндірмелер негізінде жабыстырудан бас тартылып жатады», - деп атады Ренат Давлетпаев.

Бірақ мұндай жарнамаға рұқсат алу қажет, ал оны жасау, мүлде оңай емес, деп мойындайды бизнесмендер. Ең алдымен кәсіпкер сәулет бөліміне арнайы эскиздерді болашақта автомобильдің кейпі қандай болатыны мәніне ұсынуға міндетті. Егер мұнда ондай автоны қалада жүргізуге құқылы деп тапса, компанияның ай сайынғы төлем енгізіп отыруына тура келеді. Автобустағы жарнама үшін: елордада — 8 АЕК, облыстық маңызы бар қалаларда — 4. Микроавтобустар мен таксилерде — сәйкесінше 3 және 2 АЕК. Машинадағы жарнама конструкциясы үшін — шаршы метр үшін 3 АЕК-тен басталады.

Палата осыған орай «Жарнама туралы» Заңнан және Салық Кодексінен «көліктегі жарнама» ұғымын алып тастауды ұсынады. Сарапшылар жол полициясы тарапынан шағым болмаған жағдайда оған кедергі болмауға тиіс деп сенеді. Мұндай қолдау әсіресе баға айырмашылығы салдарынан шетелдік өніммен салмақты бәсекені бастан кешіп отырған қазақстандық өнім өндірушілер үшін ерекше сезілері анық.

Заңда жазылуға тиіс тағы бір тұс – бұл авто құю бекеттері мен айырбас орындарындағы жарықты табло орнату ережелері. Палата сарапшыларының пайымынша, компанияны көрсетумен жазылған баға мен валюта бағамы — бұл жарнама емес. Дегенмен бақылау органдары басқаша есептеген кездер де жоқ емес, ал бизнесмендердің мұны табандылықпен дәлелдеуіне тура келген еді. 

Әрбір ұсыныс «Атамекен» ҚР ҰКП-ға жеткізілді және жақын арада жұмыс тобының аясында қаралатын болады. Оған Экономика министрлігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері кіреді. Жетекшілік етуші ведомство пайда болуын ескере отырғанда  ұсынылған өзгерістер заңнамалық деңгейде көрсетіліп, «сауда қозғалтқышы» бар айналымымен жұмыс жасап кетеріне сенім жетерлік.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер