astana-view

Үкіметтік емес ұйым және мемлекеттік аппарат: ымырадан ынтымақтастыққа

2015 жылғы 31 Шілде
10573 просмотров

Шенеуніктерге үкіметтік емес ұйымдармен араласу үйретілуде

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Қазақстанның Азаматтық Альянсы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің күш салуымен мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ тиімді әрекеттестігі мәселелеріне арналған семинар-тренинг өтті.

Семинар бейнеконференция режимінде өтіп, осының арқасында оған өңірлік Палаталар өкілдері де қатысты. ҰКП Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов тақырыптың өзектілігін атады және семинарға қатысушылардың еңбегіне жеміс тіледі. «КАМЕДА» ҚҚ атқарушы директоры Махаббат Еспенова және «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ директорының орынбасары Алла Ширяева қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ әрекеттестігінің өзекті формаларының бірі мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанынан құрылатын Қоғамдық кеңестер болып табылатыны аталып өтті. Олардың жұмысының тиімділігін көтеру мемлекеттік шешім қабылдануының ашықтығына айтарлықтай әсерін тигізуі мүмкін. Семинарды ұйымдастырушылар өңірлердегі қоғамдық кеңестердің әлеуетін дамытуға ұсыныстар берді.

Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ әрекеттестігінің тағы бір формасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады. Бұл мәселе мемлекеттік қызметкерлер қызығушылығын тудырып тұрады, себебі мемлекеттік сатып алулар мен мемлекеттік тапсырыс туралы заңнамаға негізделеді. Бұл заңнама өзгерістері, сондай-ақ дайындалатын стандарттар, ережелер мен әдістемелер туралы білімнің үнемі өзектеніп отыруын талап етеді. Бейнеконференция байланысын қолданудың арқасында мемлекеттік қызметкерлер республиканың басқа өңірлеріндегі әріптестерінің тәжірибесі жайлы құлағдар болды, ал ұйымдастырушылар кейбір өңірлерге тән түйткілдерді анықтай алды.

Сұрақтардың басым бөлігі байқау өтінімдерін бағалау, сарапшылардың балл қою әдістемесі, жобалау ұсыныстарын бағалауға сарапшыларды тарту тәсілдері тақырыптарына қатысты болды. Қарағанды облысының ұзақ мерзімдік жобаларды жүзеге асыру жөнінен байқаулар өткізу тәжірибесі бар екені анықталды, ал бұл басқа өңірлерде әзірше жоқ. Ұйымдастырушылар Қарағандыға семинар соңында осы мәселе бойынша материалдар даярлап, әріптестерімен бөлісуді ұсынды.

Семинар барысында жобаларды бағалау және мониторинг жүргізу мәселелері, үкіметтік емес ұйымдардың қызмет көрсету саласындағы стандарттау тақырыбы да сөз болып, тыңдармандардың қызығушылығын оятты. Мәдениет және спорт министрлігі қазірде ҮЕҰ көрсететін қызметтер стандарттарын дайындау, сонымен қатар мониторинг жүйесін және әлеуметтік жобаларды бағалауды дайындау және енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталмыш жұмысқа «Зубр» ҚҚ және «КАМЕДА» ҚҚ сарапшылары тартылған. Дайындалған стандарттар мен әдістемелерді ойдағыдай енгізу мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институтымен әрекеттестігінің сапасын айтарлықтай көтеруге, осы жүйені біршама ашық әрі халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылар семинарды аяқтай отырып, қатысушыларға пікірталас барысында көтерілген мәселелердің барлығы мұқият зерттеледі деп сендірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер