astana-view

«ЧЕКистерге» сыйлықтар табысталды!

2015 жылғы 05 Тамыз
- Алматы қаласы
10857 просмотров

Алматы Кәсіпкерлер палатасы мен Мемлекеттік табыс департаменті «Чек талап ет – сыйлық ұтып ал!» жалпы республикалық акциясының аясында кезекті сыйлықтар ұтысын өткізді

Жолы болған бірнеше жанның сатып алған тауарының чегі тұрмыстық техникаға айналып шыға келді.

Акцияның негізгі міндеті болып табылатын тұтынушылар құқығын қорғау – бұл Алматы қаласының салық мәдениетін көтеру, көлеңкелі экономика мөлшерін қысқарту және кәсіпкерлер арасында адал ниетті бәсекелестікті ынталандыру.

Алматы ӨКП директорының міндетін атқарушы Юрий Тілеумуратовтың айтуынша, Палата жеке бизнеске үнемі қолдау көрсетіп отырады.

«Біз адал ниетпен еңбек етіп жүрген барлық кәсіпкерлерді қорғаймыз», - деп атады Юрий Тілеумұратов.

Думан-кештерді жүргізуші, белгілі актер Фархад Әбдірайымов (Фара) көпшілік қауымды чектерді жинауға және акцияға қатысуға үндеді. «Ал желтоқсанда автомобиль ұтысқа түсетін болады!», - деп баса айтты Фархад Әбдірайымов.

Алматылықтар акцияға белсене ат салысты: маусым айында олар ұтысқа 48 037 купон тапсырыпты. Жеңімпаздар арасында бір апта ішінде 1 мыңнан астам чек жинап үлгерген қыз бала да болғанын атай кету керек! Шілде айының қорытындысы бойынша, акцияның бірінші кезеңінде (автоматты түрде екінші кезеңге көшкен) Алматы қаласының әрбір ауданынан бір-бірден – сегіз қатысушы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды: шырын сыққыш, шағынтолқынды пеш, принтер, миксер, шай жиынтығы және т.б. Басты жүлде – үй кинотеатрына Абай Балтабеков ие болды.

«Шек талап ет – сыйлық ұтып ал!» акциясы сыйлықтарының ұтысы ай сайын өткізіліп тұратынын еске саламыз. Оған қатысу үшін, бақылау-кассалық машиналардың ондаған чегін жинап әкеліп, бір ұтыс купонына айырбастау қажет. Сонымен бірге акцияға қатысушы БКМ чектерінің саны да, қатысушылар саны да шектелмеген. Ұтыс купондары ірі сауда үйлерінде, базарларда және аудандық мемлекеттік табыс басқармалары салық төлеушілерді қабылдау орталықтарында беріліп, айырбасталады. Акция 30 қарашаға дейін өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер