astana-view

Атомпромның шағын бөлігін сатып ал!

2015 жылғы 17 Тамыз
10944 просмотров

«Қазатомпром» ҰАК» АҚ «Реммонтажсервис» ЖШС жарғылық капиталына 100% қатысу үлесін сату бойынша электронды байқау өткізетіні жайлы хабарлайды. Байқау 2015 жылғы «08» қыркүйекте сағат 10:00-де (Астана уақыты) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында басталады.

Активтерді сату «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 28 мамырдағы №110 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесі) елу пайыздан астамы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамына меншік құқығында немесе сенімгерлікпен басқару құқығында тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың Активтерді және нысандарды сату бірыңғай қағидаларына және «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 23 мамырдағы №66 хаттама) бекітілген Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату жөніндегі электронды сауда жүргізу реттемесіне (бұдан әрі – Реттеме) сәйкес жүзеге асырылады.

Актив туралы ақпарат:

Активтің атауы

Меншік иесі

Қызмет түрі

Байқаудың айрықша шарттары

Бастапқы баға, теңге

Ең төменгі баға, теңге

Кепілдемелік жарна, теңге

«Реммонтажсервис» ЖШС

«Қазатомпром» ҰАК» АҚ

Химия және металлургия жабдығын жобалау, әзірлеу, монтаждау, жөндеу;

Қысыммен жұмыс жасайтын құбыр желісін жобалау, әзірлеу, монтаждау, жөндеу; Жүккөтергіш механизмдерді жобалау, әзірлеу, монтаждау, жөндеу; Желдеткіш және газ тазартқыш жүйелер мен жабдықтарды жобалау, әзірлеу, монтаждау, жөндеу;

Жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру тәсілімен пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізу үшін геотехнологиялық полигондарды салу; Қысыммен жұмыс жасайтын машиналар мен механизмдерді және сауыттарды жөндеу және сервистік қызмет көрсету; Машиналар мен механизмдер тораптары мен бөлшектерін қалпына келтіру және жөндеу; сығылған ауа өндіру;

Бөшке ыдыс әзірлеу; Құрылыс-монтаждау жұмыстары.

1. Сатып алу-сату шартын жасаған сәттен бастап 1 (бір) күнтізбелік жыл бойында қызмет бейінін сақтау.

2. Сатып алу-сату шартын жасаған сәттен бастап 1 (бір) жыл бойында жұмыс орындарын сақтау.

3. Сатып алу-сату шартын жасаған сәттен бастап 2 (екі) күнтізбелік жыл бойында «Реммонтажсервис» ЖШС мен оның филиалдарының тіркелген орнын салық салу нысандары ретінде сақтау

4. Сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап 2 (екі) күнтізбелік жыл бойында, Сатушы Сатып алушыдан жоғарыда аталған активті сатып алу шартын Сатып алушының сақтау мәніне Сатып алушыдан ақпарат сұратуға құқылы, ал  Сатып алушы осындай ақпаратты беруге міндетті.

922 032 000

922 032 000

59 460 000

Кепілдемелік жарнаны аударуға арналған реквизиттер:
Кепілдемелік жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ шотына салынады. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама тізілім веб-порталында жарияланған күннен бастап тізілім веб-порталында жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат ішінде аяқталды.

KZ529261501102032004; БСК: KZKOKZKX;
Банк атауы: "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ; 
ТТК: 171; Кбе: 16;
Төлемді алушы(ор.): "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ;
БСН: 050540004455.

Төлем мақсаты: электронды байқауға қатысуға кепілдемелік жарна (банк қызметтерінің ақысы кепілдемелік жарна мөлшеріне кірмейді).

Кепілдемелік жарна ретінде банк кепілдемесі қабылданбайды.

Сауда-саттық қатысушыларының кез-келген мөлшердегі кепілдемелік жарнаны енгізуіне жол беріледі, сонымен бірге кепілдемелік жарна қатысушының қатысу үшін аталмыш кепілдемелік жарнаны енгізген нысанды ғана сатып алу құқығын береді.

Электронды байқау өткізу тәртібі туралы қағидалармен «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС және «Ақпаратық-есептеу орталығы» АҚ сайттарында көпшілік кіруіне қолжетімді Бірыңғай қағидалар мен Реттемеден танысуға болады (аталмыш материалдарда тіркелуге қажет құжаттар тізбесімен таныса аласыз).

Электронды байқау өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан қарауға немесе мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) және 8 (7172) 55-13-41 ( «Қазатомпром» ҰАК» АҚ).

Нысан туралы егжей-тегжейлі ақпарат:

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ активтері мен нысандарын бірыңғай өткізу қағидаларымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер