astana-view

Абайлаңыз: бюрократия!

2015 жылғы 21 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
11858 просмотров

Кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға жасаған кез-келген өтініші жауапты қажет етеді!

Бизнесті қорғау жолында көп дүниелер айтылып әрі жасалып жатқан қазіргі шақтың өзінде кәсіпкерлер мемлекеттік органдарға жасаған өтініштеріне жауапты айлап күтеді. Кейде әрбір минут үлкен маңызға ие болып жатады.

Соңғы кездері өтініштерді қарау мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Бірақ бұған қарамастан, Палатаға бұзулар туралы дабылдар да келуін тоқтатпауда.

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының атына «Болашақ-Т» ЖШС бас директоры Қайдар Қощановтың өтініші келіп жетті. Кәсіпкер БҚО Экология департаментіне Ақсуат цемент кен орнында цемент зауытын салу мүмкіндігі мен жұмыс жасауы жайлы алдын-ала қорытынды алу мәселесі бойынша өтініш береді, бірақ жауап келмейді.

Құқықтық блок сарапшылары мемлекеттік орган тарапынан бұзушылық болғанына көз жеткізеді, ал кәсіпкер Департаментке қайтадан жүгінеді.

БҚО Кәсіпкерлер палатасы «Болашақ-Т» ЖШС мүддесін таныта отырып, жедел тәртіпте «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарының дөрекі бұзылуына байланысты БҚО Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасына жүгінеді. Табиғатты қорғау прокуратурасы БҚО бойынша Экология департаментіне ұсыныс енізді.

Сонымен қатар «Әмір» ЖК басшысы Бектас Қабылхайыр Казталов ауданындағы Палата филиалына жер телімін алуға берген өтінішінің қаралуына жәрдем көрсетуді сұрап жүгінді. Казталов ауылдық округінің әкімі 3 ай бойы ешқандай жауап бермеген екен. Палата филиалының араласуы арқасында кәсіпкердің өтініші қаралып, оған стоматологиялық кабинетті салу үшін жер телімі ұсынылды. Аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер