astana-view

Абылай Мырзахметов: «Қоғам алдында элита жауапкершілікте болуға тиіс»

2015 жылғы 24 Тамыз
10130 просмотров

Мемлекет және ірі бизнес қоғаммен әлеуметтік келісімшарт жасауға тиіс

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ҰКП басқарма басшысы жаңа экономикалық шындықта халқымыздың жағдайын жеңілдету үшін, мемлекет пен бизнестің қандай міндеттемені өз мойнына алуы керектігі төңірегіндегі ойын жеткізді.

«Бұқаралық ақпарат құралдарын оқитын шығарсыздар. Әрбір инфляциялық таргеттеуге қазір жеке ақпараттық торпедалау пайда болды. Тақырыптар да ерекше: «БҚО әкімі базарда болып қайтты», «СҚО әкімі бағаларды тексеріп қайтты», «Алматы әкімі Көкбазарда болды», «Жас Отан дүкендерді аралауда». Бұған қалай қарайсыздар? Нарықтық экономиканы бақылауда ұстаған дұрыс па?» - деп сұрады танымал блогер Ғалым Байтүк «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасынан.

Блогер қойған екінші сұрақ: «Келімбетов мырза азаматтардың өз шығынына қарай өмір сүруге үйренуіне кеңес берді. Көршім мұғалім, еңбекақысы  мың теңге. Әр демалыс сайын торт сатып алып тұрушы еді. Енді оны алмайтын болды, себебі Қайрат Келімбетовтың кеңесіне құлақ қойыпты. Халыққа қандай кеңес бересіз? Әрі қарай қалай өмір сүреміз?», - деп жеткізді блогер халықтың алаңын.

Абылай Мырзахметов импортталатын тауарлар бағасының, валютаға таңылғандықтан, бәрібір қымбаттайтынын ашық айтты. ҰКП басқарма төрағасы сонымен қатар кәсіпкерлердің қарапайым адамдар арқасында ақша табуды кері пайдаланбауын бақылаудың түрлі тәсілдері жайлы айтып берді.

«Бұл мәселені үнемі қалай шешуге тырысып жүрміз? Бірінші ойға келетіні, бұл әкімшілік бақылаудың мақұлданған механизмі, яғни әкімдердің базарларға баруы. Бағам түзетілген сайын осыны бақылаймыз. Бір қарағанда бұл алыпсатарлық күйді басу үшін ақталған дүние. Ол да жоқ емес – бәрінің де пайда тапқысы келеді. Бірақ әлеуметтік-атаулы көмекті жүйелі түрде субсидиялау керек деп ойлаймын. Яғни азық-түлік себетін қалыптастыруға тартылған салаларды субсидиялау керек деп ойлаймын. Тұрақтандыру қоры – бұл да әдістердің бірі. Олар жыл сайын қалыптастырылады. Жергілікті бюджеттерден 500-ден бірнеше миллиард теңгеге дейін Тұрақтандыру қорын толықтыруға жұмсалып отырады. Қазір де жағдай олардың қалай жұмыс жасайтынын көрсетеді. Бұл да бағаны тоқтату шараларының бірі», - деді ол.

«Нарықтық шараларға көшу керек. Тіпті одан да зоры – әлеуметтік-осал халықты нүктелік субсидиялауға. Бұл бағаны әкімшілік жолмен ұстап тұруға тырысқанға қарағанда, біршама әділетті әрі түсінікті болады», - деп есептейді Ұлттық палата басшысы.

Ол сонымен қатар Ұлттық банк Төрағасы Қайрат Келімбетовтің «шығынына қарай өмір сүру» деген кеңесінің еш жамандығы жоқтығын атады.

«Бірақ сіздердің кекесіндеріңізді түсініп отырмын. Халыққа берер кеңесім: аздап шыдау керек, одан ешқайда құтылмаймыз. Қазір популизммен айналысудың жөні жоқ. Бірақ таяу айларда реформалар пакетін қабылдап, сосын халыққа нені көздейтінімізді, жағдайды қалай жақсарту керектігін анық айтуымыз керек. Сонымен бірге бизнестің дамуына бөгет жасайтын экономикадағы мемлекеттік үлес төмендетілсін, тиімсіз мемлекеттік шығындар төмендетілсін, сыбайлас жемқорлық пен кедергілер төмендетілсін», - деді Абылай Мырзахметов.

«Егер 50% ЖІӨ шағын және орта бизнес қалыптастыратын болса, елімізде өзін-өзі асырайтын экономикалық белсенді халық саны арта түседі. Бірақ қазіргідей не ірі жер қойнауын пайдаланушылар, не өзін-өзі жұмыспен қамтушылар емес. Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды бизнеске барынша тарту керек, салық салудың жеңілдетілген жүйесін құру керек. Салықтарды төмендету керек, тіпті жалпыға ортақ декларациялау арқылы әркім де бизнеспен айналысып, ерекше тіркелусіз жеке кәсіпкерлік құрып, өзінің жеке декларациясында табыстар мен шығыстарды тапсыра алады. Осыған көшу керек. Басты шарты – төмен салықтар мен теңгемен алынатын арзан кредиттің қолжетімділігі», - дейді ҰКП Басқарма төрағасы.

Абылай Мырзахметовтің ойынша, «мемлекет халықпен әлеуметтік келісімшарт жасауы қажет».

«Осы бағдарлама дайын болғанда мынаны анық айтуымыз қажет: мұндай міндеттемені үш жылға аламыз ба немесе бес жылға ма, және де олардың орындалуына жыл сайын мониторинг жасап тұруыыз қажет. Оған Парламентті де, үкіметтік емес секторды да тартуымыз қажет. Жыл сайын бір қателікке ұрына беруге болмайды. Осы реформалар бағдарламасын анық жүйемен орындап, шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік беруіміз қажет. Ол үшін Қазақстанда жағдай жетеді. Халық та осыны сезінеді. Сонда: «Бүгін шыдай тұрыңыздар, ертең осындай даму шарттарын ала аласыздар» деуге болады. Қалыпты әлеуметтік келісімшарт дегеніміз осы», - деп түсіндірді ол.

«Қазір үкімет жария келісімшарттар жайлы айтып отыр. Мен де оны қолдаймын. Машкевич мырза сөз алып, мұндай жария келісімшартқа дайын екендігін жеткізді. Бірақ барлық жер қойнауын пайдаланушыларға темір жол тарифтері, электр энергиясы жеңілдіктерін, пайдалы қазбаларды өндіру салығын (ПҚӨС) төмендету бойынша субсидиялар беретін болсақ, онда, сәйкесінше, олар да қоғам алдында жұмыс орындарын сақтауға, жалақы индексациясын орнатуға, әлеуметтік саланы қаржыландыруға, жеке кәсіпорнын дамытуға, өз кәсіпорындары төңірегінде шағын және орта бизнесті қолдауға бұқаралық міндеттеме алуға тиіс. Басқа жол қалған жоқ. Қоғам алдында элитаның жауапкершілігі болуға тиіс», - деп қорытты Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер