astana-view

Балық әкелуге тыйым салынды!

2015 жылғы 27 Тамыз
10536 просмотров

«Атамекен» ҰКП:Ресей ауылшаруашылық қадағалаудың «санкциялық» норвег балығын Қазақстанға әкелуге салған тыйымы импорттаушы кәсіпкерлермен келісілуге тиіс

Ресей Қазақстанды өзінің «сауда шайқастарына» тартып отыр. Қазақстандық тұтынушылар «Ресей VS Бүкіл әлем» қарсылығының тұтқынына айналуы мүмкін. 26 тамызда Ресей ауылшаруышылық қадағалау жеке сайтында норвегиялық тоңазытылған бахтахты Ресей Федерациясының ғана аумағында транзиттеуге ғана емес, Қазақстанды қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақ бойынша серіктес елдерге әкелуге тыйым салатыны жайлы хабарлама жариялады.

Ресей ауылшаруашылық қадағалау ресми сайтында осы шешім шығар алдындағы оқиға жарияланды. «Норвегияның құзырлы органы Mattelsynet су қоймасында арқан балық пен бахтах өсіретін 14 норвег кәсіпорнын тексерістен өткізуден уәжсіз бас тартқан. Бүгін Норвегияның бас ветеринарлық инспекторы Кристина Ландсверк ханымнан Ресей ауылшаруашылық қадағалауға, артынша Норвегияның Мәскеудегі Елшілігінен сәйкес мәлімдеме келіп түсті. «Норвегия Корольдігінің Елшілігі өзінің сыйластығын куәландырып, норвег құзырлы органдарының ағымдағы жағдайда келесі аптада Норвегияда инспекция жүргізудің мақсатқа лайық болмайтыны жайлы шешім қабылдағанын хабарлау құрметіне ие болып отырмыз» - делініпті Елшіліктің хатында.

Ресей ауылшаруашылық қадағалау мамандарының ойынша, «норвегиялық әріптестер әрекеті Ресей ауылшаруашылық қадағалаудың үшінші елдер кәсіпорындарын инспекциялау тарихында бұрын-соңды болып көрмеген оқиға болып табылады».

Хабарламаға қарағанда, тексеруден бас тарту Ослоға ресейлік делегацияны жөнелту қарсаңында (жұмысты 2015 жылғы 24 тамызда бастау жоспарланған), Ресей ауылшаруашылық қадағалау инспекторлары нұсқаулықтан өтіп жатқан сәтте келіп түскен. Ал тексеруден өту мерзімін норвегтердің өзі 2015 жылғы шілде айының басында деп ұсынғанын айта кету керек.

«Инспекциядан бас тарту Маттельсинеттің тексеру жоспарына Ресей ауылшаруашылық қадағалау ұсынған 14  кәсіпорынды қосуға келіспеуімен байланысты болғанға ұқсайды. Ал ресейлік орган таңдауды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағына осы кәсіпорындардан біршама көбірек көлемдегі өнімнің келетініне байланысты жасаған. Алайда, норвегиялық тарап бас тартуының ресми себебіне түсініктеме берген жоқ», - деп баса көрсетілген хабарламада. 

Ресей ауылшаруашылық қадағалау инспекторлары «норвегтердің қаупін түсінуге болады» деп санайды, себебі алдыңғы тексерулер инспекцияға мәлімелген кәсіпорындардың көпшілігі «Ресей және ЕАЭО заңнамасы ұсынған қауіпсіздік талаптарын орындауға дайын болмай шыққан, ал бұл олардың қызметіне заңды шектеулер енгізуге әкелген еді». 

Үшінші елдерде инспекция жүргізу тәртібін ұйғаратын ЕАЭО шешімі тексерісті бастамалаған уәкілетті ветеринарлық органның, бұл жағдайда Ресей ауылшаруашылық қадағалаудың, инспекциядан бас тартқан кәсіпорыннан өнім жеткізуге уақытша шектеу қою құқығын береді. 2015 жылғы 24 тамыздан бастап солай етілмекші де.

«Ресей ауылшаруашылық қадағалау Маттельсинет пен Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан республикаларының уәкілетті ветеринарлық органдарына уақытша шектеу шараларын енгізетіні жайлы ақпарат беріп, оларға мұндай өнім шикі немесе қайта өңделген түрде Ресей Федерациясының аумағына келген жағдайда жойылуға тиіс болатынын ескертті», - делінген хабарламада.  

Бұл жерде тауар транзиті ғана емес, еліміздің аумағына норвег балығын әкелу сөз болып отырғанын еске саламыз. Яғни балық тиелген жүк көліктері немесе ұшақтар (тіпті тауарды әкеле жатқан экспедиторларда 24 тамыздан кейін берілген сертификаттар болса да) елімізге өткізілмейді. Тоңазытылған балық бүгінде Қазақстанға тек авиатасымалдаумен – басқа елдердің құрлықтағы аумағынан транзиттеусіз келетінін айта кету керек.

Ресей ауылшаруашылық қадағалау жасаған мәлімдеме қазақстандық блогерлер арасында қызу талқыға ұшырады. Оның үстіне қазақстандықтар солтүстіктегі көршісі мен әлемдік қоғамдастықтың қақтығысына бейтарап қалып келген Қазақстанға «антисанкциялық» тыйымдар таралуына наразылық танытуда. Көпшілік мұны кеңестік саясатқа қайтып оралу деп бғалады. Ал онда «үлкен аға» «шағын республикалардың» шаруашылық істеріне ашық араласқан болатын.

«Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің мамандары palata.kz тілшісімен орын алған оқиға төңірегіндегі көзқарастарымен бөлісті.

«Ресей Федерациясының санкциялық саясаты 2014 жылы, «Ресей Федерациясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жекелеген арнайы экономикалық шараларды қолдану туралы» Ресей Федерациясы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы №560 Жарлығын жүзеге асыру шаралары туралы» РФ Үкіметінің №778 Қаулысына 7 тамызда қол қойылғанда басталған еді», - деп жеткізді «Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің Директоры Дана Жүнісова.

Аталмыш Қаулыға сәйкес, Ресей аумағына АҚШ, Еуропалық одақ елдері, Канада, Австралия және Норвегия корольдігінде шыққан ауылшаруашылық өнімдерін, шикізатты және азық-түлікті әкелуге тыйым енгізді. Ресей Федерациясының аумағына әкелуге тыйым салынған өнімдер тізбесіне жас немесе тоңазытылған балық (балықтың қылтанақтан ажыратылған еті мен басқа да балық еттерін қоспағанда) және мұздатылған балық (балықтың қылтанақтан ажыратылған еті мен 0302, 0303 СЭҚ ТН кодтары бойынша басқа да балық етін қоспағанда) кірген болатын.

Осы жылдың маусым айында Владимир Путин 2015 жылғы 6 тамыздан бастап бір жылға «Ресей Федерациясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жекелеген арнайы экономикалық шаралар әрекетін ұзарту туралы» Жарлыққа қол қояды.

«Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа сәйкес, ЕАЭО мүше мемлекеттердің бір жақты тәртіпте бейтарифтік реттеу шараларын енгізе алатынын және қолдана алатынын айта кету керек. Мұндай шараларға тауарлар экспорты мен импортына тыйым салу немесе сандық шектеу, сыртқы сауда қызметін жүзеге асыруға айрықша құқық, автоматты түрдегі лицензиялау, тауарларды әкелуге/әкетуге рұқсат ету тәртібі жатады», - деп түсіндірді Дана Жүнісова. – «Сонымен бірге ауылшаруашылық өнімін және азық-түлікті әкелуге тайым туралы шешім қабылдаудың ветеринарлық-санитарлық шаралар саласына жататынын түсіну қажет».

ЕАЭО туралы Шарттың XI Бөлімінде санитарлық, ветеринарлық-санитарлық шараларды қолданудың жалпы қағидаттары айқындалған. ЕАЭО туралы Шарттың №12 Қосымшасы «Санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және карантиндік фиотосанитарлық шараларды қолдану туралы Хаттама» мүше мемлекеттерге уақытша санитарлық шараларды енгізу және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу құқығын беретін нормадан тұрады.

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссияның 2014 жылғы 9 қазандағы №94 Шешімімен ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын нысандарға бірлескен тексерістер жүргізу және тауарлар (өнімдер) сынамасын алудың бірыңғай тәртібі туралы Ереже бекітілді. Аталмыш Ереже нормаларына сәйкес, «Үшінші елдер кәсіпорындарының тізілімі» - Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін бақылаудағы тауарларды (өнімдерді) өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалар тізбесі жасақталады. ЕАЭО мүше мемлекеттері кәсіпорындарды осы тізілімге кіргізу үшін үшінші елдер кәсіпорындарында бірлескен тексеріс (инспекция) жүргізеді. 

Ресей ауылшаруашылық қадағалаудың ресми мәлімдемеге сәйкес бұрын тізілімге кірген әрі РФ-ға балық жеткізуді жүзеге асырған 14 норвег кәсіпорнына қатысты уақытша шектеу шараларын енгізбекші екенін атай кету керек. Бүгінгі күнгі ахуалы бойынша Ресей ауылшаруашылық қадағалау тізіліміне арқан балық тұқымдас мұздатылған балықты жеткізуді іске асыратын (11 кәсіпорында әкелу рұқсаты бар) 30 кәсіпорын және арқан балық тұқымдас жас немесе тоңазытылған балықты жеткізуді жүзеге асыратын (5 кәсіпорында әкелу рұқсаты бар) 32 кәсіпорын кіргізілген. Қазақстанда, тізілімге сәйкес, 43 норвег кәсіпорны әкелу рұқсатына ие.    

«Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің сарапшылары ресейлік тараптың негізгі қаупі ЕАЭО мүше мемлекеттерден санкциялық өнімнің қайта экспортын (елге бұрын әкелген тауарларды қайта сату үшін басқа елдерге апару авт.еск.) бақылаумен байланысты деп атайды. Осыған орай бақылауды күшейту және қайта экспорттауды болдырмау мақсатында Ресей ауылшаруашылық қадағалау Қазақстанмен шекарада тексермелеу бекеттерінің санын көбейтуді жоспарлауда. Бүгінде Қазақстанмен шекарада осындай 35 бекет бар.

«Қазір ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінде РФ «Ресей ауылшарушылық қадағалау» Федералдық ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметінің тоңазытылған және мұздатылған балықты әкелу мәселесі бойынша ресми хат қарауда жатыр», - дейді Дана Жүнісова.

Хаттың мазмұны да, Ауыл шаруашылық министрлігі басшылығының оған ресми реакциясы да белгісіз. Министрлік бизнес-қоғамдастық пен «Атамекен» Ұлттық палатасына хатты таныстыруды жөн көрмепті, және де қазір қоғамда қайнап жатқан пікірлерге мән берместен, үнсіздік сақтауда.

«Үшінші елдерден балық импорттау жөніндегі ресми статистикалық деректерге сәйкес, жыл сайын Қазақстанға 26 755 700 долларға жас немесе тоңазытылған және мұздатылған балық әкелінеді (2014 жыл дерегі, «Атамекен» ҰКП Тамақ өнеркәсібі комитеті Хатшылығы ұсынған) және Қазақстан Республикасы аумағына Норвегиядан әкелінген балық үлесі әкелінген өнімнің жалпы көлемінен 70% құрайды», - деп Дана Жүнісова palata.kz-ке ақпарат берді.

Аз сома емес, және де қазақстандық импортшылар, ритейлерлер, рестораторлар мен қарапайым тұтынушылар мемлекеттік органдардың анық та нақты түсіндіруін алуға тиіс.

«Қазақстандық бизнес-қоғамдастық Қазақстан үшін осынша маңызды мәселенің аталмыш өнімді Қазақстанға импорттайтын кәсіпкерлердің қатысуымен қаралуға тиіс. Балықты әкелуге тыйымның тұтынушыларға да әсерін тигізетінін ұмытпау керек. Қазақстанға балық әкелуге салынған тыйымның әсер ету көлемін ескере отырып, аталмыш мәселе бойынша шешім жан-жақты ойластырылып, алқалы түрде жасалуға тиіс», - деп есептейді «Атамекен» ҰКП экономикалық интеграция департаментінің директоры.

26 тамыз күні кешкілік ЕАЭО ұлттықтың үстіндегі жоғарғы органы – Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері Қазақстан, Қырғызстан, Белоруссия және Армения бизнес-қоғамдастығына ресми түсіндіру жасады. Fasebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мына мазмұндағы ақпарат берілді.

«Қазіргі сәтте Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт мүше мемлекеттердің уәкілетті ветеринарлық органдарының бір жақты тәртіпте ЕАЭО талаптарына сәйкес келмейтін өнімге уақытша тыйымдар мен шектеулер енгізуіне мүмкіндік береді. Бірақ егер Ресей ауылшаруашылық қадағалау мұндай шешім қабылдаса, ол ЕАЭО қалған елдеріне таралуға тиістігін білдірмейді», - деп жазыпты ЕЭК мамандары.

Олар аталмыш кезеңде тыйымды бастамалаған орган – Ресей ауылшаруашылық қадағалаудың ЕАЭО қалған елдерінің уәкілетті органдарына ақпарат беруге ғана тиіс болғанын мойындайды. Сонымен бірге хабарламада «тараптардың уәкілетті органдары ЕАЭО елдерінің бірінде тыйым салынған өнімнің осы елге олардың аумағы арқылы келуіне жол бермеу шараларын қолдануға тиістігі» аталған.

Хабарламада сондай-ақ «Еуразиялық экономикалық комиссияда елдердің бірі енгізген тыйымдар автоматты түрде басқа мүше мемлекеттерге әсер етеді деген түсінік бар» деп аталған. Осыған орай ЕЭК комиссия мен тараптардың мұндай тыйымдар мен шектеулерді ЕАЭО барлық елдерінің мүдделерін ескере отырып енгізу ережелерін реттеуге және орнатуға мүмкіндік беретін халықаралық шарт дайындаған орынды деп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер