astana-view

Қазақстандық арбитраж: жаңа жетістіктер

2015 жылғы 27 Тамыз
9235 просмотров

ҰКП Арбитраж орталығы бизнес-рейтинг қорытындысы бойынша көшбасшы атанды

«Атамекен» ҚР ҰКП Арбитраж және аралық сотта талқылау орталығы экономикалық саралау нәтижелері бойынша Қазақстан кәсіпорындары арасында «Жиынтық номинация» критерийі бойынша 13 орын және «Жеке табыс салығы» критерийі бойынша 9 орын алды.

Қорытынды 2014 жылғы желтоқсан айына дейінгі ахуалы бойынша мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу туралы статистикаға негізделген.

Ұлттық бизнес-рейтинг ұйымдастыру комитетінің төрайымы Гүлнара Хабибрахманова Қазақстан кәсіпорындарының қаржы-экономикалық рейтингінің қорытынды нәтижелері жайлы хабарлай келе, табысты кәсіпорын ретінде Арбитраж орталығына ризашылығын білдіріп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

«Жоғары нәтижеге жеткен кәсіпорындар «Сала көшбасшысы» атағын алады. Енді сіздер осындай үздіктер қатарынан табылып отырсыздар. Бәсекелестік басымдылықтарыңызды көрсетіп, сенімді, келешегі бар әрі халықаралық серіктес ретінде өздеріңізді танытып отырсыздар, қызметкерлердің саладағы ең үздік нәтижелерге жетуіне түрткі боласыздар», - деп атады Гүлнара Хабибрахманова.

Қазақстан Республикасы экономика көшбасшыларын халықаралық ресми марапаттау салтанаты 2016 жылғы 11 наурызда Астанада өтеді. Оған Одақтың Ұлттық бизнес-рейтингтерге қатысушы елдерінің көшбасшы кәсіпорындары қатысады (Ресей, Беларусь, Украина, Әзербайжан, Грузия).

Бұл оқиға Арбитраж орталығының іскерлік байланыстарын нығайтуына әрі кеңейтуіне мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер